Жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Журналистерге арналған кезекті баспасөз турын облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ұйымдастырды. Биыл Жамбыл облысында қайта жаңғырту бойынша 5 жоба қаралған. Соның ішіндегі 1 жобаға ол Тараз қаласы Шостакович көшесіне сонымен қатар орта жөндеумен қамтылған 15 мөлтек ауданы 2,3,4,5 көшелердің ішіндегі №2 көшесіне және Апатаев көшесіне тілшілер барып, көріп қайтты. БАҚ өкілдеріне аталмыш басқармадағы автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерболат Сейтбеков жол көрсетіп, ертіп жүріп, ақпаратпен бөлісті. Журналистер барған бірінші нысан Тараз қаласы, Шостакович көшесі. Мұнда қазір жалпы құны 515 млн теңгені құрайтын жалпы ұзындығы 2,5 шақырым жол қайта жаңғыртылуда. Яғни, «Жеңіс» саябағынан бастау алып Саңырақ батыр көшесіне дейін созылады. Мердігері «UNISERV» ЖШС. Серіктестік өкілі Майра Молдабаева жоба өтпелі болғандықтан биыл асфальттің бір қабаты, келер жылы екінші қабаты төселетіндігін атап өтті. Сондай-ақ мердігер жаңғырту жұмыстарын күн суытпай аяқтаймыз деп отыр. Тілшілер барған келесі нысан 15 мөлтек ауданындағы №2,3,4,5 көшелер. Ол жерде қазір «B-grass» ЖШС орта жөндеу жұмыстарын іске асыруда. Жолдың жалпы ұзындығы 6 км 600 метр, құны 317 млн теңге. Қарашаның 25-не дейін жөндеу жұмыстарын толық аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ қазіргі таңда Тараз бен Байзақ ауданын байланыстырып жатқан Апатаев көшесінде де орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жолдың ұзындығы 3,5 км, сомасы 228 млн теңге. Мердігері «РАУАН» ЖШС. Жөндеу жұмыстарына 16 бірлік техника атсалысуда. Негізі жобаның мерзімі желтоқсан айында бітіру жоспарланған. Бірақ мердігерлер қараша айында аяқтаймыз деп отыр. Баспасөз туры жыл соңына дейін өзге де басқармалармен жалғасады.