Облыстағы «Жастар ресурстық орталықтарының» атқарып жатқан жұмыстары мен жоспарлары
Облыстағы «Жастар ресурстық орталықтарының» атқарып жатқан жұмыстары мен жоспарлары
Бүгінгі күні облыста 354 мыңнан астам жас бар (354 039). Жастар облыс халқының 29,1 пайызын құрайды. Жастардың 147 955-і (41,8%) қалада, 206 084-і (58,2%) ауылдық елдімекенде тұрады. Облыста 13 (1 облыстық, 2 қалалық және 10 аудандық) «Жастар ресурстық орталықтары» бар. Онда жалпы саны 416 маман қызмет атқарады, оның ішінде 360 маман жастармен етене жұмыс жасауда. Облыстық «Жастар ресурстық орталығында» жалпы штат саны 18,5 маман қызмет атқарады, оның ішінде 14 маман жастармен етене жұмыс жасауда. Ағымдағы жылы облыста жастар саясатын жүзеге асыруға жергілікті бюджет есебінен облыстық «Жастар ресурстық орталығына» 56,7 млн. теңге қаржы қарастырылған.2023 жылы түрлі бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыруға 14,0 млн. теңге қаржы бөлінген. 2023 жылғы І тоқсанында уақытша бос жүрген (NEET санатындағы ) жастардың үлесі 8,6%-ды (28 258 жас) құраса, а.ж. ІI тоқсанының қорытындысымен уақытша бос жүрген (NEET) жастардың үлесі 7,1%-ды (21 552 жас) (2022 жылдың II тоқсаны-7,3%) (Республика бойынша көрсеткіш - 7,5% (2022 жылдың II тоқсаны-6,6%) құрап отыр. А.ж. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша өңірімізде анықталған 36 әлеуметтік мәртебесі анықталмаған жасқа адрестік талдау жұмыстары жүргізіліп, 18 137 жастың мәртебесі «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде өзектендірілді, қалған 18 850 жастың әлеуметтік мәртебесін анықтау және өзектендіру жалғастырылуда.Жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша 95 қоғамдық тыңдаулар өткізілді.Қоғамдық тыңдауларға уақытша жұмыссыз жүрген (NEET) 2351, пробация тізімінде тұрған 216 жас қатысты. Әлеуметтік қызметтерде уақытша жұмыссыз жүрген жастарға (NEET) жүйелі түрде психологиялық, ақпараттық, консультативтік көмек көрсету бойынша 66 (фокус топтар, семинарлар) өткізілді. Іс-шараға уақытша жұмыссыз жүрген (NEET) 1445 жасқа психологиялық, ақапараттық көмек көрсетілді. «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары жобасы бойынша жалпы 1 520 жас тартылса, оның ішінде 213-і уақытша бос жүрген (NEET), 17-і пробация қызметі есебіндегі жастар. Маусымдық жұмыстар барысында 450 мың м2 аумақ тазаланып, 214,9 тонна күл-қоқыс шығарылған.Жамбыл облысында қысқа мерзімдік және қайта даярлау курстарына жалпы 491 жас тартылса, оның ішінде уақытша жұмыссыз жүрген (NEET) 144, пробация қызметі есебіндегі 5 жас тартылған. Жоғары және кәсіптік техникалық оқу орындарына мемлекеттік және жергілікті қаржыландыру есебінен оқуға жалпы 193 жас тартылса, оның ішінде уақытша жұмыссыз жүрген (NEET) 133 жас тартылған. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын Жамбыл облысында іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді. Аталған жоспар 11 бағытты көздейді, 100 іс-шарадан тұрады. Аталған жоспарлар аясында 11 бағытта 7 812 іс-шара (қала - 791, аудандар - 7 021) ұйымдастырылып, оған 215 721 адам (қала – 35 425, аудандар – 180 296) қамтылды. Жастардың кәсіби шеберлігін қолдау және дамыту, жұмысшы жастарды мамандықтарға тарту, жастарға мамандық таңдауға ықпал ету, еңбек нарығында бәсекелестігін арттыру мақсатында «Профи-2023» атты облыстық байқауы өткізілді. Аталған байқауда «barbershop», «Визажист», «Шаштараз ісінің шебері», «Дәнекерлеуші», «Кондитер» номинациялары бойынша облыстың кәсіби жастары өз шеберліктерін сынға салды. Байқауға Тараз қаласы мен аудандардан 70-ке жуық кәсіби жас қатысты. Жеңімпаздарға І орынға 100 мың теңге, ІІ орынға 70 мың теңге, ІІІ орынға 30 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табысталды. Дельфи ойындарының аймақтық іріктеу кезеңі өтіп, 35 жас және 5 ұжымдық топ жүлделі орындарға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды. Ағымдағы жылдың 6-8 қазан аралығында Талас ауданы, «Тау самалы» лагерінде 3 күнге созылған өңірдегі жастарды қамтыған «BOLASHAQ JASTAR CAMP» атты облыстық жастарға оқыту лагері ұйымдастырылды. Лагерге 100-ге жуық белсенді жастармен қалалық және аудандық «Жастар ресурстық орталықтарының» қызметкерлері қатысты. 2023 жылдың 1 қазанына жұмыспен қамту мекемелерінің ықпалымен 35-жасқа дейінгі 22 907 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.Атап айтқанда, 10 758 адам ваканттық жұмыс орындарына орналасса, 830 жас онлайн оқытуға, 1 884 түлек жастар практикасына, 306 жас әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, 2 422 жас ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, 27 жас «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына, 410 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасына сондай-ақ, 3 523 жас «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды, 182 жас қайтарымсыз грант алды. 2023 жылдың 1 қазанына облыс көлемінде 95 бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері өтті. Бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерінде 551 жұмыс беруші мекеме қатысып, 5 141 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге 12 996 жұмыссыз қатысса, оның 4 395-і жастар.Жәрмеңке қорытындысымен 1 730 жас ақылы қоғамдық жұмыстарға, 328 жас әлеуметтік жұмыс орындарына жолданса, 1 665 түлек «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына, 2 289 жас тұрақты жұмыс орындарына жолданып, 9 448 жас консультациялық кеңестер алған. Облыс аумағында волонтерлік қызметпен құрамында 13 мыңнан аса (13 715) волонтері бар 13 ұйым айналыcады.Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 36, Тараз қаласы мен барлық аудандық Ресурстық орталықтарының жанынан 11 волонтерлық топтар құрылған. А.ж. волонтерлік жұмысты жандандыру мақсатында облыс бойынша 12 бағытты қамтыған 1 126 іс-шара өткізіліп, оған 16 593 жас қамтылды.