Жаңалықтар

Республика күнінде заңсыз митинг ұйымдастыруға жол берілмейді - ІІМ

Республика күнінде заңсыз митинг ұйымдастыруға жол берілмейді - ІІМ

Әлеуметтік желілерде полиция көліктері колоннасының видеосы тарап жатыр: видео авторлары "құқық қорғау органдары 25 қазанда өтетін митингіге дайындалып жатыр" деген болжам жасап отыр. Бұл қауесеттерге Игорь Лепеха үкіметте өткен баспасөз мәслихатында түсініктеме берді.

Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары әкімдіктермен келісілген митингілерге шыққандар ұсталмайтынын айтты.

Әлеуметтік желі арқылы митингке шығуға үндегендер жөнінде сөз қозғай келе, министрдің орынбасары діни немесе әлеуметтік араздық тудыратын болса, полиция оған араласатынын атап өтті.