Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жаңатұрмыс ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар

Жаңатұрмыс ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар
ашық дереккөзі
Жаңатұрмыс ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар
Бүгінгі күнге Жаңатұрмыс ауылдық округінде барлығы 6 көше бар, түнгі жарықпен толық қамтылған.«Өңірлерді дамытудың 2025 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында 1250,0  мың теңге Наурыз төбеге сахна орнатылды. Ауылшаруашылық саласы: Ауданымыздың негізгі өндірістік саласы ауылшаруашылығы  болғандықтан  ауылдық округте 120 шаруа қожалығы егін және мал шаруашылығы бойынша тіркелген.  Оның ішінде 15 шаруа қожалық  мал және егін шаруашылығымен, ал 105 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен айналысып округке өз үлестерін қосуда. Ауылдық округ бойынша 6101,5 гектар егістік алқабы бар.  2023 жылдың өніміне 1800 га күздік бидай себіліп орташа түсім  8 центнерді құрады, сондай-ақ 2600 га арпа себіліп орташа түсімі  5  центнерден айналды, 120 га мақсары себіліп орташа түсімі 3 центнерді құрады. Сонымен қатар 40 га алқапқа қант қызылшасы егіліп, ауа райының қолайсыздығына байланысты егілген дақыл шықпайқалғандықтан есептен шығарылуына құжаттар жолданды. Әлеуметтік сала бойынша: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға, жалпы ауылдық округ бойынша 2022 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж  20 отбасы 121 адамға 7,7 млн.теңге игерілді. 2023 жылы 15 отбасы 95 адам 4 млн 660 мың атаулы әлеуметтік көмек алуда. Округ бойынша 135 көпбалалы  отбасы бар.Жаңатұрмыс ауылдық округі бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты аясында еңбек бағдарламасы арқылы  қайтарымсыз мемлекеттік  гранд  жеңіп  алғандар саны 2022 жылға 10 адам. Жалпы сомасы 10 225200 теңге болса, 2022 жылы 2 адам. Жалпы сомасы  2 760 000 теңге. Ауылдағы жастардың саны(оның ішінде 18-20 жасқа толатындар, жұмыспен қамтылуы, әкімнің тарапынан жастармен жүргізілген жұмыстар): Жаңатұрмыс ауылдық округтегі жастар саны 14-35 аралығында-569 құрайды. 18-20 толатын жастар саны-133. 2023 жылы некеге тұрған жастар -9. Студенттер-77. Жас кәсіпкерлер саны 11. Әскер қатарына кеткендер саны-6. Әкім тарапынан жұмысқа орналасқандар-6.                    NEET санатындағы жастар саны-2 адам, бала күтіміндегі жастар саны - 33, мүмкіндігі шектеулі жастар саны – 11.Жастардың ынмақтастығының арқасында Қызылорда облысына 2200 Ағын су мәселесі(канал, арық саны, ағын су тапшылығы,  каналдар мен арықтарды тазалау жұмыстары):Жаңатұрмыс каналы 13 шақырым оның 6 шақырымы тазартылған, округ бойынша арықтар 13 оның 5 шақырымы тазартылды.Сәуір, мамыр, маусым айларында бұлақ көздерін ашу және арықты тазалау жұмыстары жүргізілді. Құрылыс,  жол жөндеу төтенше жағдайлардың алдын алу, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстары туралы: Ауылдағы көше жолының бойы күнделікті жүргізіліп тұрады. Бұл жұмыстарға ақылы қоғамдық жұмысқа  2022 жылы «Асарлатып үй салу» жобасы аясында  Жаңатұрмыс ауылы, Сыпатай көшесі №2 үй тұрғыны аз қамтылған отбасы Е.Таңатаровқа демеушілер есебінен қолдау көрсетіліп,  қосымша үй жиhаздары алынып берілді. «Өңірлерді дамытудың 2025 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында «Жасыл белдеу» бағдарламасы бойынша 10 мың түп тал дарақ егілу жоспарлануда. Бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу рәсімдері арқылы жеңімпаз анықталды. Жақын күндері бұл жұмыстарды бастайтын боламыз. Сонымен қатар, Жаңатұрмыс ауылындағы орталық саябаққа балалар ойын алаңшасын орнатуға 2234,0 мың теңге жоспарлануда.Бүгінгі күнге ауылымыз газбен, жаңа ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілді. Жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Биыл Жаңатұрмыс ауылында «Спорт» кешенінің құрылыс жұмыстары басталды. Жобалы келесі жылға өтпелі. Жаңа мәдениет үйінің құрылысы 90 орындық болып жоспарланған. Бүгінгі халық санына шағындау болуына байланысты 140 орындық жобаға зерделеу жұмыстары жүруде. 2024 жылға ағын су мәселесін шешу мақсатында жалпы ұз 18 шқ құрайтын жер асты құбырымен немесе лоток тарту бойынша жұмыстар жоспарлануда.  
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар