Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Департаменттің 2023 жылғы 9 айдың жұмыс қорытындысы

Департаменттің 2023 жылғы 9 айдың жұмыс қорытындысы
ашық дереккөзі
Департаменттің 2023 жылғы 9 айдың жұмыс қорытындысы
2023 жылдың 9 айында Жамбыл облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 512 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 223 өтінішке көбейді. Өтініштердің өсуі 77% - құрайды. Тұтынушылардың шағымдарының негізгі саласы ол - бөлшек сауда саласында - 229 өтініш немесе олардың жалпы санының 44,7%. Екінші орында - электрондық сауда - 76 өтініш, «көшбасшылар» үштігінде- тұрмыстық қызмет көрсету саласы бойынша -51 өтініш. Өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда, 3-ші орынды иеленген тұрмыстық қызмет шаруашылығы саласындағы өтініштерді тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы шағымдардың саны басып озды. Бөлшек сауда бойынша түскен шағымдарда сапасыз тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан, соның ішінде 14 күнтізбелік күн ішінде тауарды қайтару мен  айырбастаудан бас  тарту басым болып отыр. Электрондық сауда саласында тұтынушыларды алдаудың өсуі байқалады (кәсіпкерлердің төленген тауарды не қызметті ұсынбауы). Тұрмыстық қызмет көрсету саласында жиһаздың, сондай-ақ пластикалық терезелер мен есіктердің сапасыз өндірісі басым. Департаментке келіп түскен өтініштердің жалпы санынан 323 өтініш қанағаттандырылды, бұл 67,8% құрайды, тұтынушыларға 26,4 миллион теңге қайтарылды, 30 өтініш құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органдарға жіберілді. 159 тұтынушы өз мәселелері бойынша түсініктеме алды. Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2023 жылдың 9 айында тұтынушылардың өтініштері негізінде бизнес субъектілеріне жоспардан тыс 44 тексеру жүргізді. Оның ішінде сауда саласында 33 тексеру (ішкі сауда субъектісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін асыруы), тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 11 тексеру (тұтынушының жазбаша шағымына жауап бермеу). Тексеру нәтижесінде 31 бұзушылық анықталып, 31 ұйғарым енгізілді. 30 құқықбұзушылық субьектілеріне ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды және ӘҚБтК-нің 204-4 бабы бойынша шағын бизнес субъектісіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1 айыппұл салынды. Бұдан басқа, ӘҚБтК-нің 802-бабының негізінде 2 айыппұл салынды, оның ішінде ірі бизнес субъектісіне 30 айлық есептік көрсеткіш және шағын бизнес субъектісіне 6 айлық есептік көрсеткіш. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 158 700 теңгені құрайды. 2023 жылдың 9 айында Департамент талап-арыз жұмысы бөлігінде жауапкер ретінде 2 сот процесін жеңіп алды, сондай-ақ 3-ші тұлға ретінде 4 сот процесіне қатысты, нәтижесінде тұтынушыларға 1562 000 теңге қайтарылды. Департамент өңірлік БАҚ, радио, теледидар, Инстаграм және Фейсбукәлеуметтік желілерінің беттерінде материалдарды орналастыру арқылы халық арасында белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 9 айда әлеуметтік желілерде 313, БАҚ-да 18 ақпарат жарияланды, Департамент қызметкерлерінің облыстық теледидар арналарында 12, облыстық радиода 3 сұхбат беру ұйымдастырылды. Департаментте үнемі ашық есік күндері, яғни Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында тоқсан сайын облыстың БАҚ өкілдері үшін түрлі мәселелер бойынша брифингтер өткізіліп, департамент қызметкерлерінің тарапынан облыстық теледидар мен радиода сұхбат беру жұмыстары және бизнес өкілдері үшін дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктермен тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Тұтынушылардың өтініштерін бірлесіп қарау ұйымдастырылып, бірнеше рет бірлескен семинарлар, брифингтер, дәрістер және т. б. өткізілді.  width=
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Құтқарушылар күні
Алдыңғы мақала
Құтқарушылар күні

Ұқсас жаңалықтар