Жаңалықтар

Көгершін ауылында 90 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді

Көгершін ауылында 90 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді

Тұрар Рысқұлов ауданыдағы Көгершін ауылында 90 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Республика күні қарсаңында және ауданның 85 жылдығына орай ашылған өнер ордасы 106 млн теңгеге салынған. Мердігер компания  -  «Жаңатас құрылысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Мәдениет үйінің ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай және ауыл тұрғындары қатысты.