Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысында 25 қазан – Республика күні аясында өткізілетін ауқымды іс-шаралар

Жамбыл облысында 25 қазан – Республика күні аясында өткізілетін ауқымды іс-шаралар
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында 25 қазан – Республика күні аясында өткізілетін ауқымды іс-шаралар
Баршаңызға белгілі, Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заңға өгерістер енгізіліп, өткен жылдан бері 25 қазан – Республика күні болып бекітілген болатын. Ағымдағы жылы да Республика күнін мерекелеу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мерекені атап өтуге арналған облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес облыс бойынша 400-ге жуық қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік іс-шаралар жоспарлануда. 24 қазанда «Баласағұн» орталық концерт залында мерекеге арналған салтанатты кеш ұйымдастырылады.Іс-шара барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтары марапатталып, өнер жұлдыздарының және облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасады.Мұндай салтананатты кештер барлық аудандарда өткізіледі. 25 қазан күні ҚР Тұңғыш Президенті саябағында «Қыран елім – Қазақстан!» патриоттық акциясы аясында Мемлекеттік туды салтанатты көтеру рәсімі өтеді.Саябақта тақырыптық көрме ұйымдастырылып, мерекелік концертпен жалғасады.Сонымен бірге, «Қыран елім – Қазақстан!» патриоттық акциясы шеңберінде үйлердің алдыңғы беттері мен терезелеріне Мемлекеттік туды орналастыру флэш-мобтары ұйымдастырылады. Бүгінгі күнге халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Атап айтқанда, ұжымдарда еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан, белсенді қызмет атқарып жүрген азаматтарды марапаттау және құрметтеу мен көтермелеу шаралары өтуде; – 21 қазанда аудандар мен Тараз қаласында мерекелік жәрмеңкелері өтеді; – спорттық мекемелерде мерекелік спорттық фестивальдер, жарыстар, отбасылық сайыстар ұйымдастырылуда; – білім беру және мәдениет ұйымдарында патриоттық іс-шаралар, салтанатты жиналыстар, концерттер, шығармашылық конкурстар, көрмелер, сынып сағаттары, дәрістерді өткізілуде. Мереке қарсаңында облыста 23 нысан пайдалануға беру жоспарланып, кешеден бастап нысандар ел игілігіне берілуде. Мәселен, күні кеше Жамбыл ауданында 2 кіші футбол алаңы ашылса, бүгін Т.Рысқұлов ауданындағы Көгершін ауылында мәдениет үйі мен Жамбыл ауданы Тоғызтарау ауылында кіші футбол алаңы пайдалануға берілді. Сол сияқты аудандарда 25 қазанға дейін күнделікті нысандардың ашылуы ұйымдастырылатын болады. Облыс бойынша 62 билборд орнатылды. Оның ішінде Тараз қаласында 12, аудандарда 50. Қалада 3 лэд экранда логотип көрсетілуде. Қоғамдық көліктерде логотиптер орналастырылды. Барлық өткізілген іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.Мерекеге арналған ақпараттық жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. Мәселен, әлеуметтік желі қолданушыларының ленталары мен аваталары мерекеге сәйкес жаңартылды.Облыс жұртшылығының, ардагерлер мен зиялы қауымның және жастардың мерекелік құттықтаулары жариялануда. Аймақтың мақтаныштары, оның ішінде мәдениет қайраткерлерінің, танымал спортшылардың мерекемен құттықтау челлендждері, жетістікке жеткені туралы бейнероликтер мен посттары жариялануда. Біздің спортшылардың жеңістері туралы және жетістікке жеткен жастар туралы роликтерді жариялануда.Әртістер мен әншілер өз әндерін елге арнап, қазақстандықтарды құттықтауы жарияланады.Халық үшін жасалған, жұмыс істеп және салынып жатқан әлеуметтік нысандарды барынша көрсету бойынша «Біз үшін» атты челлендж іске асырылуда.Мереке күндері жергілікті телеарналардан патриоттық фильмдер, телехикаялар, концерттер көрсетілетін болады.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар