Жаңалықтар

Азия ойындары жүлдегерлерінің БАҚ өкілдерімен кездесуі

Азия ойындары жүлдегерлерінің БАҚ өкілдерімен кездесуі

        

Жамбыл топырағы талай талантты спортшыларды тәрбиелеген қасиеттi мекен. 1980 жылдан бері жазғы Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындарда облыс спортшылары талай мәрте жеңiс тұғырынан көрiндi. Өткен жылдың басты додасы Кашиас-ду-Сул (Бразилия) қаласында өткен XХІV жазғы Сурдлимпиадалық ойындарында Жамбыл облысынан 6 спорт түрінен 13 спортшы қатысып 3 күміс, 8 қола, барлығы 11 медальға қол жеткізді. 2023 жылдың ІІІ тоқсанының қорытындысы бойынша облыста жүйелі түрде спортпен шұғылданушылар қатары 489,0 мың адамға немесе облыс тұрғындарының 40,0%-ға жетті.

Жыл басынан 2 835 спорттық іс – шара ұйымдастырылып, 193,7 мың адам қамтылды.

Бүгінгі күнге, облыс көлемінде басқармаға қарасты 53 спорт мекемесі жұмыс атқаруда. Спорт мекемелерінде 28 447 спортшымен тұрақты түрде 1064 жаттықтырушы жұмыс істейді. Қазіргі таңда облыста спорттың 78 түрі қамтылған. Бүгінгі таңда 683 облыс спортшылары түрлі дейгейдегі Ұлттық құрама командаларға мүше болып отыр (оның ішінде, 253 спортшы Ұлттық құрама, 225 спортшы жастар құрамасы, 205 спортшы жасөспірімдер құрамасы). Облыс споршылары бүгінгі күнге түрлі республикалық және халықаралық жарыстарда 1 109 медальға ие болды (оның ішінде 429 алтын, 332 күміс, 348 қола). Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек – 8 қазан аралығында Ханчжоу (ҚХР) қаласында өткен XІX – Жазғы Азия ойындарына облысымыздан 12 спорт түрінен 37 спортшы қатысты.Жарыс қорытындысы бойынша жамбылдық спортшылар  1 күміс, 3 қола медаль және 1 Францияда өтетін «Париж-2024» Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды. Олар: кураш спорт түрінен 81 кг салмақ дәрежесінде Бекәділ Шаймерденов күміс жүлдегер, су добынан Қазақстан әйелдер құрама командасының сапында «Айша бибі» су добы клубының қыздары (9 қыз) – қола жүлде, бокстан 71 кг салмақ дәрежесінде Асланбек Шымбергенов қола жүлде,су добынан Қазақстан ерлер құрама командасының сапында Шонжигитов Султан және Цой Эдуард қола жүлдеге ие болды. Қазіргі бессайыс спорт түрінен Георгий Борода-Дудочкин «Париж-2024» Олимпиада Ойындарына лицензия жеңіп алды. Азия ойындарына қатысқан Ұлттық құрама командасының сапында жамбылдық спортшылар Алматы (108 спортшы), Астана (70 спортшы) және Шымкент (64 спортшы) қалаларының құрама командалырынан кейін 37 спортшымен төртінші орында тұр. Бұған дейін 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен XVІІ-жазғы Азия ойындарына 22 спортшы қатысса, 2018 жылы Индонезияның Джакарта мен Палембанг қалаларында өткен XVІІІ-жазғы Азия ойындарына 25 жамбылдық спортшы қатысқан болатын. Азиадаға Қазақстан Ұлттық құрамасынан спорттың 30 түрінен барлығы 525 спортшы қатысты. Ойындардың қорытындысы бойынша барлығы 80 медаль, оның ішінде 10 алтын, 22 күміс, 48 қола медаль иеленіп 11 орынға жайғасты. Төрт спортшы Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алды. Олар: бессайысшылар Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин, сондай-ақ боксшылар Қамшыбек Құнқабаев пен Карина Ибрагимова. Сондай-ақ  2023 жылдың 22-28 қазан аралығында Ханчжоу (ҚХР) қаласында өтетін IV-ші Пара Азия ойындарына облысымыздан 5 спорт түрінен 8 спортшы аттанды. Сонымен қатар, 2024 жылы Парижде өтетін XXXІІІ жазғы Олимпиада және XVIІ жазғы Паралимпиада ойындарына лицензия алуға үміткер 21 спортшымыз бар.