Жаңалықтар

Б.Момышұлы ауылының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы

Б.Момышұлы ауылының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы

Жалпы, ауылмыздың жер көлемі 6983,0 гектарды құрайды, оның ішіндегі егістігі 969 га, бөгде жерлер 49 га, жайылымы 4361 га қалғаны елді мекендердің орналасқан жерлері 1604 га. Ауыл аймағымыз 1 елді мекеннен құралған аудан орталығы Бауыржан Момышұлы ауылы. Аудан орталығында 83 көше және 3060 аула 14874 тұрғыны бар. Орталықта 19 ұлт өкілдері тұрады. Жалпы халықтың 8950 экономикалық белсенді тұрғындар саны, (о.і.: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 5130) зейнет жасындағылары 1571, мүмкіндігі шектеулі жандар саны 525, бейресми жұмыссыздар саны 69. Аудан орталығында барлығы 5 орта мектеп, 3 мемлекеттік  және 3 жеке балабақша, 1 орталық аурухана, 1 мәдениет үйі, 2 кітапхана, 78 азық-түлік дүкендері мен 2 мешіт, 2 шіркеу халыққа қызмет көрсетуде. Ауыл әкімі аппаратында, Әкімен қоса барлығы 10 бірлік қызметкер ауыл тұрғындарына қызметтерін көрсетуде. Жуалы ауданының орталығы Бауыржан Момышұлы ауылы «Батыс Қытай – Батыс Европа» жібек жолы бойына шекаралас орналасқан. Ауыз су, Газ жалпы инфрақұрылым жүйесі бойынша: Аудан орталығында барлық 83  көшеміздің 77 көшесіне ауыз су жүйесі 2013 жылы тартылып, қолданысқа берілді. Қалған көшелеріміз алдағы жылдарға жоспарланып отыр. Газдандыру бойынша 3060 аула толық көгілдір отынмен қамтылғын.   Азаматтарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бойынша: Б.Момышұлы ауылында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «2021-2025 жылдарға арналған: «Кәсіпкерлікті дамыту» және «Ұлттық жоба» бағдарламалары аясында жылдың 9 айында 690 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды немесе жоспар 93 пайызға орындалды (жоспар 740 адам). Оның ішінде: тұрақты жұмыспен 231 азамат, Жастар практикасымен 51 жас; ақылы қоғамдық жұмыстарға 189 азамат; әлеуметтік жұмыс орындарына 35 азамат, «Күміс жас» жобасы негізінде 28 азамат, («Бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша 8 азамат жұмыспен қамтылды. «Қысқа мерзімді кәсіпкерлік оқыту» бойынша 12 азамат, «Кәсіпкерлікті ынталандыру» мақсатында «Бастау Бизнес» жобасы аясында 105 азамат, жұмыссыздарды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында оқыту бойынша 6 азамат тартылды және қайтарымсыз негізде берілген мемлекеттік грантты 13 азамат 1 225 200 теңге алып, өз кәсіптерін жүргізуде). Жылдың 9 айында Атаулы әлеуметтік көмекке үміткер 1356 адамы бар 266 отбасынан өтініш берілсе, 2022 жылы бұл мерзімге 383 отбасыға тағайындалған немесе бүгінгі күнге 117 отбасылардың табысы жан басына шаққандағы көлемі кедейшілік деңгейінен асып, кеміп отыр. Көп балалы аналарды «Алтын және Күміс» алқалармен марапаттау мақсатында өтініш берген 10 аналардың: 3-не алтын алқа мен 7-не ана күміс алқамен марапатталды. Бүгінгі күнге ауыл бойынша 117 «Алтын алқа» 180 «Күміс алқа» алған аналар тіркелген.         Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинау мақсатында:           Жалпы салық бойынша жылдың 9 айында жоспар 70105,0 мың теңге жоспарланып, нақты орындалғаны 70354,0 мың теңгені құрады немесе кірісіміз 104 пайызға орындалып отыр.           Олар: - жеке тұлғалардың мүлiк салығы бойынша 940,7 мың теңге,  - төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 28317,6 мың теңге,  - жеке тұлғалардан көлік салығы бойынша 39678,9 мың теңге,  - заңды тұлғалардың көлік салығы бойынша 334,4 мың теңге,  - сыртқы көрнекі жарнама бойынша 317,4 мың теңгеге орындалды.           Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы: Әскери міндеттілік және әскери қызметті, жұмылдыру дайындығы бойынша: 91 жастарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 24 азамат әскер қатарына жіберілді, әрі қарай жұмыстар жалғасуда. Қоғамдық   қауіпсіздікті,   қылмыс  және  құқық  бұзушылыққа  қарсы күресті қамтамасыз ету мақсатында: Бауыржан Момышұлы ауылы бойынша 5 учаскелік полиция инспекторы бекітілген. Жыл басынан ауылда 42 қылмыс тіркеліп, 41 ашылды. Ауылға қарасты учаскелік инспекторларымен қылмысты болдырмау және алдын алу мақсатында Заңнамада көздерген баптарға сай 1350 әкімшілік хаттама толтырылды. Кәмелет жасына толмаған жастар арасында қылмыс тіркелмеген. Жол ережесін бұзғаны үшін 596 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылған. Автокөлікті масаң күйінде басқарғаны үшін 36 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Учаскелік полиция инспекторлары мен Бауыржан Момышұлы ауылы әкімі аппаратының мамандарымен бірлесе отырып түнгі рейдттер жүргізіліп отырады.           Ауыл шаруашылық саласы бойынша:   Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалануға 25 шаруа қожалығы тіркелген, барлығы мақсатына сай пайдаланылуда. 2023 жылы егілген: 277 га күздік бидайдан 14,0 центнерден өнім алынды, 300 га жаздық арпадан 12,8 цт өнім алынды, 120 га мақсарыдан 9,2 цт өнім алынды, 2 га сәбіз -20,1 цт өнім алынды, 8 га қырықабат егіліп, толық жинап алынды.   Мал шаруашылығы бойынша: Жалпы  шаруа қожалықтарда: Мүйізді ірі қара мал саны 289 бас, ұсақ малдар саны 2318 бас, жылқы саны 119 бас тіркелген. Елді мекен үй шаруашылықтарда Мүйізді ірі қара мал саны 1624 бас, ұсақ малдар саны 7389 бас, жылқы саны 862 бас, үй құстары 11185 дана тіркелген.     2023 жылы бөлінген қаржылардың есебінен атқарылған жұмыстар: «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Б.Момышұлы ауылының 18 көшесіне орта жөндеу жұмыстарына 136,0 млн теңге республикалық трансферттен қаржы бөлініп толығымен жасалды. Ұзындығы барлығын қосқанда 5,2 шақырым жол жөнделді. (Т.Тастандиев, Б.Момышұлы, Абылайхан, Ақментей, А.Иманов, Әйтекеби, Игілік, Қ.Ералиев, Б.Қойбақов, Е.Баймухамбетов, В.Латикант, М.Маметова-Ы.Алтынсарин, Тәуелсіздік, Тәуелсіздік бұрлысы-Ш.Уалиханов, Төлеби, Парасат) . Б.Момышұлы ауылының ауылішілік автомобиль жолдарын қысқы күтіп баптау жұмыстарын жүргізді, ауылдағы барлығы 83 көшелерді қардан тазаланды. Әрі қарай 31-желтоқсанға дейін жұмысын жалғастырады (2,5млн т); Б.Момышұлы ауылының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және пайдалануға жарамсыз тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау жұмыстары бойынша 9 айда 290 тонна тұрмыстық қалдық тазалануда; Ауылдағы 14 көппәтерлі тұрғын үйлердің аумақтарын асфальттау жұмыстары толық аяқтап, қолданысқа берілді (19,2млн.т) ; Б.Момышұлы ауылында Д.Пахомов, Қ.Иманбекұлы және З.Толымбаев көшелеріне арық науаларын орнату жұмыстары жасалды (15,0млн т); Аудан орталығының түнгі көше жарығын күтіп баптау бойынша 64 көшелердің жарығын ретке келтірді (3,4млн т); Б.Момышұлы ауылының тұрғындарының сұранысына сәйкес, жаңадан жасалған жобалық сметалық құжаттамаға сай 11 көшелерге (Л.Сейтбеков, Б.Қойбақов, Абай бұрылысы, С.Күшанов, Ш.Улеков, Ы.Алтынсарин, Б.Сафинов, Б.Усенов, Бірлік, А.Оразбаева тұйығы, А.Иманов) түнгі жарықтандыру жұмыстарын толық бітіп, қолданысқа берілді. (16,8млн теңге).         Демеушілер есебінен:         - аудандағы кәсіпкерлердің тарта отырып 100 дана қылқан жапырақты ағаштар, қара ағаш, терек және т.б. жеміс ағаштары Жібек жолы, Б.Сафинов көшелері бойындағы саябақтарға егілді (150,0мт); - М.Жұмабаев атындағы ОМ жеке кәсіпкердің есебінен спорт алаңшасы 25,0млн теңгеге орнатылып мамыр айында берілді; - Жеке кәсіпкерлердің есебінен ауыл ішіндегі көпірлер, саябақтардағы қоршауларды дәнекерлеу жұмыстарын жасалды (500,0 мт); - Д.Қонаев ОМ алдыңғы жағына жеке кәсіпкердің есебінен автотұрақ орналастыру жұмысын жасауда (500,0 мт). - 2023 жылы маусымында тұрғындарды бақша суымен қамтамасыз ету мақсатында, жеке кәсіпкердің демеушілігімен арықтарды арнайы техникамен қазып беріліп ауылдың жоғарғы бөлігінің 6 көшесіне су  берілді. - «Асарлатып үй салу» бағдарламасы аясында, Бауыржан Момышұлы ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлердің көмегімен Наурыз көшесі №16 үйде тұратын Сагадинова Злиха 2 топ мүгедек, отбасында  8 адам тұрады, үйіне қосымша  3-бөлме қосылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, берілді. - Сондай-ақ, аудан әкімінің тапсырмасына сай, ай-сайын 1отбасына көмек көрсету мақсатында бүгінгі күнде: 21 отбасына әртүрлі тұрмыстық көмектер жасалуда.