Жамбыл ауданында дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені ашылды
Жамбыл ауданында дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені ашылды
Республика күніне орай аймақта жаңа нысандар ашылып жатыр. Соның бірі Жамбыл ауданы, Гродеково ауылында дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені ашылды. Жамбыл ауданы бойынша 174 спорттық нысан болса, соның жалғасы ретінде бүгін ашылған заманауи үлгідегі, спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген спорт кешені ел игілігіне қызмет ететін болады. Республикалық бюджеттен 320 млн 798 мың теңге қаржы қарастырылып, бас мердігер «Жаңа-Кемер Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алып, тұрғызған спорттық сауықтыру кешенінде 150 ден аса ауыл тұрғындары спорттың 10-ға жуық түрімен айналысатын болады.