Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының жұмысы
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық білім басқармасының «Ғылыми тәжірибелік денешынықтыру орталығының» басшысы Жартыбаев Аманғалидың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
«Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының жұмысы» тақырыбында өткізілген баспасөз конференциясына өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.
Брифинг барысында орталықтың жұмысы, ұйымдастырылып жатқан спорттық шаралар мен облыс оқушыларының спорттық бағыттағы жетістіктері туралы айтылды.
Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр аралығында «Ұлттық мектеп лигасының» облыстық кезеңі спорттың 10 түрінен (баскетбол, волейбол, футбол, футзал, гандбол, асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ, үстел тенисі, жеңіл атлетикалық кросс) 5-6 Меркі ауданы, 7-8 Шу ауданы, 9-11 сынып оқушылары арасында Қордай ауданында 48 жарыс өткізіліп, 193200 оқушы қамтылды. Мектепшілік кезеңде - 193200 оқушы қамтылса, аудандық кезеңде – 33627, облыстық кезеңде – 3057 оқушы қамтылды. Республикалық кезеңге 644 оқушы қатысып, Жамбыл облысы ІІІ орынды иеленді.
Облыс бойынша 445 жалпы білім беретін мектепте бүгінгі таңда 234336 оқушы білім алуда. Оның ішінде 2943 спорттық секцияларға (футбол, баскетбол, волейбол, гандбол, шахмат, футзал, дойбы, үстел теннисі, қол күрес, каратэ-до, жеңіл атлетика, таеквандо, шағын футбол, Ұлттық спорт түрінен: тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, қазақ күресі) 96356 оқушы қамтылған.
Жалпы облыстық 53 жарысқа 3449 оқушы, республикалық 3 жарысқа 251 оқушы, 4 семинарға 137 мұғалім қамтылды.
Сонымен қатар, баспасөз конференциясы барысында алдағы уақытта ұйымдастырылатын спорттық шаралар турасында да айтылды.