Аспара ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар
Аспара ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар
Аспара ауылдық округінде тұратын халық саны – 1693 адам, Аспара – 1101, Қайындысай – 440, Құмарық – 152 оның ішінде экономикалық белсенді халық саны – 864 немесе 51% құрап отыр. Сайлаушылар саны – 1007, көп балалылар – 42, зейнеткерлер – 170, мүгедектер – 41, еңбек жұмыссыздар -6 (1 слайд). Округ бойынша аула саны – 312, Аспара ауылында – 212, Қайындысай ауылында – 75, Қүмарық ауылында – 25. Жергілікті ұлт өкілдері 97 пайызды және басқа ұлт өкілдері 3 пайызды құрайды. Ауыл бюджеті 2023 жылы 84,121 млн. теңгені құрады Аспара ауылы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен 100% қамтамасыз етілген. Құмарық ауылына ауыз су жүйесін жүргізу үшін 42,900 млн теңгеге, Қайыңдысай ауылына ауыз су кіргізу үшін 64,545 млн теңгеге ЖСҚ әзірленіп, конкурс нәтижесімен қараша айында жеңімпаз анықталады. Ауылдық округтегі 3 елдімекен (Аспара, Қайындысай, Құмарық) табиғи газбен қамтылған. Бүгінгі күні 312 үйдің 281 көгілдір отынмен қамтылып 86,6% құрап отыр. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Аспара ауылдық округінің 8 көшесіне, атап айтқанда: А.Балапанов, А.Сейтжапар, Аспара, Парасат, Бірлік, Шұғылы, Р.Нүсіпбеков, Аққайнар көшелерін орташа жөндеу (асфальт) жұмыстары жүргізілді. Қаражат көлемі - 98,475 млн. теңге. Аспара ауылдық округінің А.Балапанов, А.Сейтжапар, Тұран, Аспара көшелеріне түнгі жарықтандыру шамдары орнатылды. Қаражат көлемі 11,471 млн. теңге. Аспара ауылына кіші футбол алаңшасы салынды. Қаражат көлемі – 11 млн. 363 тг. Аспара, Қайындысай, Құмарық ауылдарына балалар ойнайтын шағын ойын алаңшасы орнатылды. Сонымен қатар Аспара ауылындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке қоршау жұмыстары жүргізілді. Қаражат көлемі – 19,943 млн. тг. 2024жылға жоспар
- Қайындысай ауылының Шұғыла, Аққайнар, Р. Нүсіпбеков көшелеріне түнгі жарықтандыру шамдарын орнату.
- Аспара ауылындағы орталық саябаққа қоршау жұмыстарын жүргізу.Аспара ауылдық округі бойынша жұмыссыздық деңгейін төмендету барысында біраз жұмыстар атқарылған. Жалпы ауыл бойынша бүгінгі күнге жұмыссыз ретінде тіркелген адам саны - 6. Қоғамдық ақылы жұмыспен қамтылғандар 2023 жылы – 22 адам, «Жастар тәжірибесі» арқылы қамтылғандар – 9 адам.Тегін оқуға жіберу бойынша 4 азамат оқытылуда. Атаулы әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы саны 2022 жылы – 8 отбасы, 2 130 708 теңге. 2023 жылы – 7 отбасына тағайындалған 1 933 098 теңге.