Жаңалықтар

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары

2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, жергілікті бюджет кірістері бойынша жоспардың орындалуы  118,4 пайыз, нақты 106 342,4 млн. теңге түсті, (жоспар 89 820,2 млн. теңге), немесе 16 522,2 млн. теңгеге артық түсіп отыр. Өсу қарқыны 119,9% немесе  17 669,5 млн. теңгеге артық түсті Жергілікті бюджет бойынша 2022 жылдың 9 айдың жоспарын және өсу қарқынын өңіріміздің барлық аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары  орындады. Қазақстан Республикасының салық органдарына 2015 жылдан бастап кеден қызметі де қосылып, казіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдары деп аталатын болды. Жамбыл облысы бойынша 2023 жылғы 9 айында сыртқы сауда айналымы – 1 380,9 млн. $, жалпы салмағы 742 616 тоннаны құрады. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы, өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда, сыртқы сауда айналымының жалпы көлемі 80,0 млн. $ өскендігі байқалады. Қосымша резервтердің іс-шаралар жоспары бойынша 2023 жылдың 9 ай қортыныдысы  бойынша – 12 171,0 млн.тг., оның ішінде жергілікті бюджетке – 5 979,7 млн. тг.  қамтамасыз етілді. Камералдық  бақылау аясында 5 987 хабарлама қойылып, оның 5 582 немесе 93,2 пайызы орындалды, қалған 405 хабарлама бойынша жұмыс жүргізілуде. 01.10.2023 жылғы жағдайы бойынша, бересі сома 2870,4 млн.теңгені құрайды. Жыл басымен салыстырғанда (3 104,9 млн.теңге) бересі 233,6 млн. теңгеге немесе 7,5% азайтылды, оның ішінде: - кәсіпкерлік субьектілер бойынша  – 411,5 млн.теңгеге азайтылды (01.01.2023ж. – 2 638,0 млн.теңге). Кәсіпкерлік субьектілерден берешекті өндіріп алу бойынша, жалпы 1585,6 млн.теңге өндірілуі қамтамасыз етілді, оның ішінде: -инкассалық өкімдер бойынша – 1130,6 млн.теңге; -дебиторлармен жұмыс жасау бойынша – 404,5 млн. теңге; -шектелген мүлікті сату бойынша 50,4 млн.теңге өндірілді.   Жеке тұлғалардан жергілікті салықтардан қарызын (мүлік, көлік) өндіріп алу мақсатында 2023 жылдың басынан жеке сот орындаушыларына, мәжбүрлеп өндіріп алу үшін 576,4 млн.теңгеге 17 537 салықтық бұйрық жіберілді. Жеке сот орындаушылармен жүргізілген жұмыс нәтижесінде бюджетке  13 439 жеке тұлғадан (өткен жылдардың берешегін қоса алғанда) – 376,4 млн. теңге өндірілді. Іс-шаралар жоспары аясында Полиция департаменті және жеке сот орындаушыларының қатысуымен жеке тұлғалардан көлік құралдары салығы бойынша берешекті өндіріп алу бойынша жұмыстар жүргізіліп, өткізілген бірлескен рейдтер  нәтижесінде 1962 жеке тұлғалардан 53,1 млн. теңге бюджетке өндірілді. Қазақстан Республикасының экономикасының қауіпсіздігін сақтау және сыртқы мемлекеттерден заңсыз тауар айналымын болдырмау мақсатында, Қырғыз Республикасымен шекаралас аумағында Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің  6 өткізу пункті бар: «Айша-Бибі» өткізу пункті, «Сыпатай батыр» өткізу пункті, «Қордай» өткізу пункті, «Қарасу» өткізу пункті, «Аухатты» өткізу пункті, «Сартобе» автокөлік өткізу пункттері. 2023 жылдың 9 айы бойынша, 1494 тақырыптық тексеру жүргізілді, 723 бұзушылық анықталды, олар бойынша 55,0 млн. теңге сомасына айыппұл салынды және бюджетке өндірілді. Сыртқы экономика қатысушыларының  әкімшілендіру жұмысы бойынша бюджетке қосымша 307,2 млн.тенге қосымша құн салығы өндірілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету бойынша ҚР ҰҚК ШҚ-мен өзара іс-қимыл жоспарын іске асыру барысында басқарма қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ қызметкерлерімен бірлесіп мұнай өнімдерін, сондай-ақ тауарлардың басқа да атауларын заңсыз әкетудің 273 фактісінің жолын кесті. Бұл ретте, әрине, импорттан ҚҚС түсімін ұлғайту үшін айтарлықтай кедергі тауардың құнын түзету бойынша бақылаудың болмауы және дәл салық сыйымды санаттар бойынша (халық тұтынатын тауарлары, жабдықтар, гаджеттер және т.б.) болып табылады. 01.10.2023 жылға облыс бойынша 1 253 146 салық төлеуші есепке алынды, оның ішінде 16 524 заңды тұлға болып саналады, олардың 13 759 – әрекет етушілер, ал 1 236 622 жеке тұлғалардың ішінде жеке кәсіпкерлер болып 106 558 тіркелген, олардың 100 037 – әрекет етушілер. 2023 жылдың 9 айына барлығы 658 792 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: - электронды түрде  – 656 910 қызмет (99,7%); - қағаз жүзінде – 1 648 қызмет (0,3%); -"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қогамы арқылы – 234 қызмет. Сонымен қатар, салық төлеушілерге мемлекеттік қызметтерді көрсетуді одан әрі жақсарту мақсатында 2023 жылға барлығы 175 млн. теңге бөлінді, оның ішінде облыстық бюджеттен 25 млн. теңге сомасында  бөлінді. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 90,0 млн. теңге сомасына қажетті материалдық-техникалық база сатып алынған.