Жаңалықтар

Облыстағы медициналық көмек сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде

Облыстағы медициналық көмек сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде

Жамбыл облысындағы 341 БМСК және 38 ауруханалық нысанда 15 557 медициналық қызметкер (о.і: 3 411 дәрігер, 12 146 орта буын қызметкерлері) қызмет атқаруда. Ауылдың шалғай  елді мекендерде орналасқан халықты қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында  10 жылжымалы медициналық кешен (2 – КАМАЗ, 8 – автобустық мамандандырылған көліктер)  2023 жылы барлығы 265 елді мекендегі 96 239 адамды медициналық тексерумен қамту жоспарланса, ағымдағы жылдың 9 айында 223 (84%) елді мекендегі 100 622 (104%) адамды қамтыды (о.і:24 364 бала). 30 060 диагностикалық зерттеулер, 7 105 зертханалық тексеру, 148 274 бейінді мамандардың консультациясы көрсетіліп, 3 105 адам емханаға есепке алынды (о.і.- 141 бала). Денсаулық саласының негізгі көрсеткіштеріне тоқталсақ, туу кезіндегі өмір сүру ұзақтығы (жас мөлшері) 2022 жылдың қорытындысымен 74,8 жасты (2021ж.-69,15) құрап, 5,8 жылға өсті. Табиғи өсім 1000 тұрғынға шаққанда 15,18 (2022 ж. – 14,71), туу көрсеткіші – 20,90 (2022 ж. – 21,06), өлім – жітім – 5,72 (2022 ж. – 6,35) құрады. Бүгінгі күнге облыста дәрігерлер тапшылығы 2022 жылғы 106-дан есепті кезеңмен салыстырғанда 90 бірлікке (44 қала, 46 ауыл) төмендеді. Кадр мәселесі бойынша атқарылған шаралар Жергілікті атқарушы органның грантымен С.Д.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінде жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін жалпы медицина мамандығы бойынша 42 білімгер оқиды. Осы университетте жергілікті бюджет есебінен, оқу бітіргеннен кейін Жамбыл облысының мемлекеттік медициналық ұйымдарында 5 (бес) жыл жұмыс істеу міндеттемесімен 2022 жылы 16 дәрігер жұмысқа келді.Ағымдағы жылы 19 дәрігер жұмысқа келді. Республикалық бюджеттен өңірге 90 маман дайындалуда (2022 жылы 46 дәрігер, 2023 жылы 44 дәрігер). Бүгінгі күнге өңірге 60 жас маман (12 - қала, 48 - аудан) келді.

  1. ҚР ДСМ «Инновациялық технологияларды енгізу туралы 18.04.2023 ж. №288 бұйрығының негізінде Үздік тәжірибе орталықтары құрылып бүгінде Меркі, Жамбыл, Талас аудандық орталық ауруханаларында және №2 мен 5 қалалық емханасында іске қосылып, жұмыс атқаруда.
  2. Қырғызстандық денсаулық сақтау өкілдері жамбыл облысындағы “Үздік тәжірибелер” орталықтарының жұмысымен танысып, оқыту семинарларынан өтті.
  3. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, ҚР дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі, «Рrimary Health Care» ұлттық қауымдастығы Қырғыз Республикасының отбасылық медицина орталығымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
  4. Жамбыл облысы Меркі ауданының Ақтоған ауылдық елді мекені - «Салауатты ауыл» атанды. «Салауатты ауыл» жобасы аясында ауыл әкімдігі мен Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы арасындағы екі жақты меморандумға қол қойылды.
  5. Денсаулық сақтау саласының «Ақылмандар кеңесінің» құрамы бекітіліп, төрайымы болып денсаулық сақтау ісінің үздігі, алтын дәрігер, еңбек ардагері Әбілғазина Жұмакүл Дәулетқызының кандидатурасы қолдау тапты.
  6. 2023 жылдың 11 тамызында ҚР ДСМ вице министрі В.Ю.Дудниктің Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, медициналық ұйымдардың өкілдерімен кездесті.
  7. Ағымдағы жылы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер министрі А.Смайловтың қатысуымен облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығы пайдалануға берілді.
Халық үніне құлақ асатын медицина
  1. Медициналық ұйымдарда «Қоғамдық мониторинг және халықпен кері байланыс» тетігі жобасы (МИОМОС) енгізіліп халықпен тығыз жұмыс орнатылды.
  2. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Ахуалдық орталық» ашылды. Сонымен қатар барлық медициналық ұйымдарда науқастарды қолдау қызметі жұмыс атқарады.
  3. Басқармада CALL орталығының байланыс нөмірі +7 700 050 08 08 жұмыс істейді.
  4. Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері және халық белсенділерін тарта отырып бастапқы медико-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың көпшілігінде 30-ға жуық халық кеңесі құрылды.
  5. ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысына сай жұмыс істейтін ахуалдық орталық «Қазір және осында» қағидаты бойынша емдеу ұйымдарындағы үдерістерді ақпараттық-талдамалық қолдауды қамтамасыз етеді және басшыларға тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға, даму стратегияларын қалыптастыруға, дағдарыстық және төтенше жағдайлардың алдын алуға немесе болдырмауға көмектеседі.