Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Пәтер аламын деп алаяққа алданды

Пәтер аламын деп алаяққа алданды
ашық дереккөзі
Пәтер аламын деп алаяққа алданды
Таразда пәтер алмақ болған тұрғын алаяққа алданып қалды.Тараз қаласы полиция басқармасына жергілікті тұрғын өтініш білдірді. Ол облыс орталығының Химпоселок ауданында пәтер сатып алу үшін алдын ала 1 миллион 650 мың теңге төлемдi бейтаныс әйелге бергенiн хабарлады. Алайда көрсетілген соманы алғаннан кейін әйел байланысқа шығуды тоқтатқан. Сондай-ақ бұл пәтер оған тиесілі емес екені белгілі болады. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық)сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 48 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Әйел кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар