Жаңа қызметтер мен сервистер туралы
Жаңа қызметтер мен сервистер туралы
2023 жылдың 9 айында фронт-офистер бойынша барлығы 831 670 мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Фронт-офистерді жұмыс жасайтын өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы 9 айда 845 995 мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Ағымдағы жылы Мемлекеттік корпорацияның жаңа мемлекеттік қызметтері мен сервистеріне келетін болсақ. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2023 жылғы 16 тамыздағы №339/НҚ бұйрығымен "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" құжатына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Тізілімнің жаңа редакциясында мемлекеттік қызметтердің 1353 түрі бар (бұрын - 1318), соның ішінде: - Мемлекеттік корпорация арқылы 1267 қызмет (93,6%) (бұрын – 1245 қызмет 94,4%); - "Электрондық үкімет" порталы арқылы 1214 қызмет (89,7%) (бұрын-1201 қызмет 91,1%); - тек көрсетілетін қызметті беруші арқылы 84 қызмет (6,2%) (бұрын – 73 қызмет 5,5%) мемлекеттік қызметтер бекітілген. Тізілімге мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 19 жаңа түрі енгізілген, төменде көрсетілген қызметтер бойынша Мемлекеттік корпорация өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижелерін беруді жүзеге асыратын болады. Сондай-ақ, тізілімге Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті беруші болып табылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 10 жаңа түрі енгізілген.
- "Құрылтайшылар және Жарғылық капиталдағы үлестер (оның ішінде шетелдік қатысу үлестері) туралы ақпарат беру";
- "Заңды тұлғалар тізілімінен (бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімінен) үзінді көшірме ";
- "Заңды тұлға басшысының лауазымынан босату туралы ақпарат беру ";
- "Заңды тұлғаның таратылғанын растайтын құжаттың көшірмесін беру ";
- "Заңды тұлғаны алдағы уақытта тарату туралы өтініштерді қабылдау ";
- "Жер-кадастрлық істен құжаттардың көшірмелерін ұсыну "(АШМ);
- "Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін өзектендіру (түзету)" ;
- "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау ";
- "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу";
- "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" қызметтері қосылған болатын.
Жаңа сервистерден тағы «ЕGov mobile» мобильді қосымшасы техникалық байқау құжатының мерзімі өткені туралы push-хабарламалар жіберу сервисі іске қосылды. Электрондық анықтамалар мен қызметтерді өз бетінше алу процесін жетілдіру мақсатында Kaspi bank мобильдік қосымшасында азаматтардың цифрлық құжаттарды қолдану мүмкіндігі пайда болды. Ол Kaspi bank мобильдік қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» сілтемесіне кіріп, «Цифрлық құжаттар» батырмасын басу қажет. «Цифрлық құжаттар» ішінен жылжымайтын мүлікке қатысты анықтамаларды, әлеуметтік анықтамаларды, медициналық анықтамаларды Цондарға келмей, өз бетінше алуға азаматтардың мүмкіндіктері бар. Жаңа қызметтердің ішінен тағы «ЕGov mobile» қосымшасында ерлі-зайыптылардың нотариалды куәландырылған келісімін ресімдеу қызметі қосылды. Енді ерлі-зайыптылардың нотариалды куәландырылған келісімін eGov mobile қосымшасында онлайн түрде ресімдеуге болады. ҚР Әділет министрлігінің, республикалық нотариаттық палатаның және «Ұлттық ақапараттық технологиялар» АҚ ақпараттық жүйелері арасындағы интеграция азаматтарға нотариусқа бармай ақ нотариат куәландырған құжаттарды бірнеше минут ішінде куәландыруға мүмкіндік береді. Несиелендіру бағытында несие алудан ерікті түрде бас тарту туралы өтінішті eGov мобильді қосымшасында және eGov.kz порталында беру қызметі іске қосылды. Енді әр қазақстандық несие мен шағын несие алуға өз атынан ерікті түрде тыйым сала алады. Оны eGov mobile мобильді қосымшасындағы және eGov.kz электронды үкімет порталының жаңа сервисін қолдану арқылы жасауға болады. Сервистке өтінішті азаматтың өзі ғана толтыра алады. Несиелер мен шағын несиелерді алуға тыйым салу 6 айға белгіленеді және бұл мерзім аяқталғаннан кейін автоматты түрде тыйым алынып тасталады. Сондай-ақ бұл шектейлерді кез келген уақытта ерікті бас тарту қызметін көрсетуді мерзімінен бұрын тоқтатуға өтініш беру арқылы алып тастауға болады. Сонымен қатар, қазақстандықтар eGov.kz «Электроннық үкімет» порталында туу, неке қию және ажырасу туралы актілерге өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш бере алады. Жаңа қызмет жеткілікті негіздер болған жағдайда және мүдделі тұлғалар арасында дау болмаған кезде құжаттарға жоспарлы өзгерістер енгізуді көздейді. Мысалы, атын, тегін, және әкесінің атын өзгерту. «Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» жаңа қызметінің көмегімен актілік жазбаларға өзгерістер енгізу және құжаттарды қайта шығару үшін негіздемелерді көрсетіп, растайтын құжаттарды қосып өтінім беруге болады.