Елімізде аудан әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр
Елімізде аудан әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр
Бүгін елімізде аудан әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Осы кезге дейін өңір-өңірде қызу дайындық жүрді. Таңсәріден 1497 сайлау учаскесі келушілерге есігін айқара ашты. Ел бойынша 1 млн аса азамат өз таңдауын жасайды деген болжам бар. Аудан әкімі болудан 164 кандидат үмітті. Оның 42% немесе 69 үміткер саяси партиялардан, 57,92% немесе 95 үміткер өзін өзі ұсынған. Айта кеткен жөн, кандидаттардың үштен екісіне жуығы өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған. Бұл халықтың саяси белсенділігі өскенін көрсетеді, дейді мамандар. Бұған дейін түрлі деңгейдегі сайлауларда өзін өзі ұсынғандар үлесі небәрі 25% болған еді.