Жаңалықтар

Таразда жазасын өтеушілерге облыстық филармония әншілері концерт қойды

Таразда жазасын өтеушілерге облыстық филармония әншілері концерт қойды

Түзету мекемесіндегі концерт. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 түзету мекемесінде «Бір ән-бір  ғұмыр» атты концерттік бағдарлама өтті. Әсем әуезді кешті Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының 55 жылдығына орай, «Алатау» фольклорлық ансамблі жазасын өтеушілерге тарту етті. Облыстық филармония әншілері шабыттана  ән шырқап, кештің көркін қыздырды.