Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Жамбыл ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
ашық дереккөзі
Жамбыл ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
Жамбыл ауылдық округінде тұратын халық саны – 10 856 адам, Жамбыл – 7129 Тұрлыбай – 536, Жеміс Жидек – 2278 , Талдыбұлақ ауылы 913. Сайлаушылар саны – 6960, көп балалы аналар – 712, зейнеткерлер – 978, мүгедектер – 235, еңбек жұмыссыздар -161      Округ бойынша аула саны – 2071, Жамбыл ауылында – 1322, Тұрлыбай батыр ауылында – 105, Жеміс Жидек ауылында – 498, Талдыбұлақ ауылында-146.  Жергілікті ұлт өкілдері 75 пайызды және басқа ұлт өкілдері 25 пайызды құрайды. Округ  бюджеті 2023 жылы 61 млн теңгені құрады. Ауылдық округтегі 4 елдімекен (Жамбыл,Жеміс Жидек, Талдыбұқлақ, Тұрлыбай батыр) табиғи газбен қамтылған.  Бүгінгі күні 2071 үйдің 2060 көгілдір отынмен  қамтылып 94,4% құрап отыр. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында  Жамбыл  ауылдық округінің 3 көшесіне, атап айтқанда: Жамбыл, Аққайнар, Т.Рысқұлов көшелерін орташа жөндеу (асфальт) жұмыстары  жүргізілді. Қаражат көлемі – 101 млн 882 мың теңге Аудандық бюджет есебінен  Жамбыл ауылы Ш.Уалиханов, Қазбек би, Жауғаш батыр көшесінің бұрылысы, Б.Момышұлы көшесінің бұрылыстарына, Жеміс Жидек ауылынан Ж.Айтымбетов, Абай, Наурыз, Абай көшесінен Наурыз көшесіне дейінгі аралыққа Тұрлыбай батыр ауылы С.Мұқанов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаражат көлемі – 112 млн 857 мың тенге. Сонымен қатар «Кенесары хан» ескерткішінің ауласы абаттандырылды.Қаражат көлемі- 9 млн 476 мың тенге. 2024 жылға жоспар
  1. ЖСҚ әзірлеген 14 көшені орташа жөндеуден өткізу.
  2. Тұрлыбай батыр ауылынан 7 га жерді тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға кезегімен беру.
  3. Жамбыл және Жеміс Жидек ауылдарындағы ауыз су жүйесін жаңарту.
 
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар