Қылмыстық-атқару жүйесінде жазасын өтеушілер арасында діни оңалту және ағарту жұмыстары жүргізілді
Қылмыстық-атқару жүйесінде жазасын өтеушілер арасында діни оңалту және ағарту жұмыстары жүргізілді
Қылмыстық-атқару жүйесі сотталғандар арасында діни сауаттылықты арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Жазасын өтеушілерді радикалды идеологиядан арылту мақсатында, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің қызметкерлері және дін проблемаларын зерттеу орталығының 8 теологы, мешіт имамдарымен бірлесіп ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында діни жораларды орындайтын барлық сотталған азаматтармен әңгімелесіп, жеке сұхбат жүргізілді. Қазіргі уақытта қоғамда қордаланған мәселенің бірі – дін саласында зардап шеккен адамдарды оңалту.