Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

: Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының 2023 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы

: Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының 2023 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы
ашық дереккөзі
: Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының 2023 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы
Облыстың жер қоры 14,4 млн гектарды құрайды (Республика аумағының 5,3 пайызы). Оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер  - 4,6 млн га, елді мекендердің жерлері – 845,2 мың, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс мақсатындағы жерлер – 174,8 мың,  ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері – 11,6 мың, орман  қорының жерлері – 4,4 млн га, су қорының жерлері – 356,0 мың, босалқы жерлер  - 1,4 млн гектарды құрайды. Облыс аграрлы-индустриялды аймақ болып табылады. Қолда бар жер қорының 72 пайызын егін және мал шаруашылықтарын дамытуға қолайлы. Бұл аграрлық саланы дамыту мүмкіндіктерінің жоғары екендігін көрсетеді. 2022 жылы 14 конкурс өткізіліп, 47,0 мың га ауыл шаруашылық жерлері рәсімделсе,  есепті мерзімге 13 конкурс өткізіліп, 273 жер учаскес көлемі 45,1 мың га рәсімделді. Жер заңнамасымен мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты аукциондарды мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастырылып өткізілуде. Өткен жылы 44 аукцион ұйымдастырылып 34 жер учаскесі 112 млн.теңгеге сатылса, есепті мерзімде 29 аукцион 60 жер учаскесі 163,1 млн. тг сатылды. Облыс тұрғындарының жерге кезектілігі электронды жүйеге көшіріліп, сайт арқылы қол жетімділік қамтамасыз етілді. Сайтқа кез-келген азамат өзінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) арқылы кіре алады (Біріңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастр БМЖМК). Қазіргі кезде кезектіліктің электронды жүйесі Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алушылардың Бірыңғай Республикалық реестріне 205 мың азаматтың кезектілігі және 36 мың азаматтың жер учаскесін алғанды туралы тізім енгізілді. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев 2022 жылғы 28 наурыздағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан халқына арнаған жолдауында пайдаланбай отырған және ұтымсыз пайдаланымдағы, сондай - ақ заңбұзушылық жолымен құқық табысталған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару қажеттігі туралы тапсырма берген болатын. Тапсырмаға сәйкес, 2022 жылы Республика бойынша мемлекет меншігіне қайтаратын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 5,0 млн. га, оның ішінде Жамбыл облысы бойынша - 200,0 мың га болып белгіленіп, 203,0 мың га қайтарылды. Ағымдағы жылға жоспар 200 мың га белгіленіп, 10 ай қорытындысымен 137,5 мың га жер қайтарылып, жыл қорытындысымен толық орындау жоспарлануда. Жайылымдарды пайдалануды реттеу мақсатында прокуратура органдарымен бірлесіп зерделеу жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде облыс тұрғындарының меншігінде тіркелген мал басынан бордақылау алаңдарында ұсталып отырған мал санын шегеріп тастағанда облыс бойынша 683,6 мың га жайылым жерлер жетіспейтіні анықталды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде қажеттілік 164,0 мың га төмендеді. Жетіспеушілікті жүйелі түрде шешу мақсатында 5 бағыт айқындалды. 1-         бағыт.  Босалқы жер қорындағы жайылым жерлерді елді мекенге қосу. Бұл бағытта 2021 жылы елді мекен жайылымы 363 мың га болса  қазіргі таңда 741 мың га ға ұлғайды, яғни 378 мың га елді мекен жайылымына бекітіліп берілді. 2 -  бағыт. Елді мекенге жақын орналасқан 50,1 мың га жайылым жер қайтарылып елді мекенге қайтарылып, бекітіліп берілді. 3 - бағыт. Мал басы көп тұрғындардың  малдарын орман қоры жеріне шығару ұйымдастырылуда. Орман қорындағы 1,1  млн. гектар жайылымға  247 мың мал басы шығарылды. 4-бағыт.  Жер пайдаланушылармен  кедергісіз мал жаюға Меморандум жасау жұмыстары жүргізілуде. Көлемі 515,5 мың га болатын 2095 шаруа қожалықпен меморандум жасалды. 5-бағыт.  Игерілмеген және заң талаптарын бұза отырып пайдаланудағы жерлердің 2021 жылы жалпы 106,3 мың га пайдаланбаған жер қайтарылса, 2022 жалпы 201,0 мың га, ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 137,5 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жайылым жерлердің жетіспеушілігі бүгінде мал басының негізінен тұрғындардың меншігінде болуына байланысты ауылдық округтерге бекітіліп берілген жерлер көлемінің аздығынан туындап отырғанын айта кету керек. Облыста жалпы 8,1 млн. гектар жайылым жер болса, оның 3,6 млн.га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, 740,0 мың га елді мекен жайылымы және 1,6 млн.га орман қорындағы жайылымдар құрайды. Сонымен қатар, «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерін жер ресурстарымен қамтамасыз етілуде. Атап айтсақ құрылған 55 кооперативке 11 мың га астам жер табысталды. Жер қатынастары басқармасында 10 мемлекеттік қызметтер түрлері көрсетіледі. 2022 жылы 50 қызмет көрсетілсе, есепті мерзімде 34 қызмет көрсетілді. 2023 жылы облыс әкімі тарапынан 9 хаттамалық тапсырма берілген. Оның ішінде 7 хаттамалық тапсырма III-тоқсанда толық орындалды, 2 тапсырма жыл қорытындысымен орындалу үстінде. 2023 жылдың бүгінгі күніне дейін 427 өтініш түскен. 353 өтініш қаралды, 74 өтініш құзіреттілігі бойынша басқа органдарға жолданды. Басқарма басшысымен 2023 жылдың бүгінгі күніне дейін 13 жеке қабылдау жүргізіліп, 35 азамат қабылдауда болып, өтініштеріне тиісті түсініктемелер берілді. Облыс көлеміндегі басқарманың атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпараттардың қалың оқырманның назарына жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында, басқарманың әлеуметтік желісінде, сондай-ақ, телеарналарда және басылымдарда жарияланып тұрады. Нақты айтқанда, республикалық және облыстық телеарналарда 5 бейнесюжет, әлеуметтік желілерде 152 ақпарат және мерзімді республикалық, сондай-ақ облыстық баспа басылымдарында 8 мақала, ақпараттық агенттікте 43 ақпарат жарияланды.      
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар