Жаңалықтар

«Қарасора» жедел-профилактикалық шарасының қорытындысы

«Қарасора» жедел-профилактикалық шарасының қорытындысы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында есірткі қылмысына қарсы күрес ұлттық сипатта болуы тиіс екенін нақты атап өтті. 2023 жылғы 29 маусымда Үкіметтің қаулысымен «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған» Кешенді жоспары бекітілді. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан 31 қазанына дейін Полиция департаменті «Қарасора 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Ағымдағы жылдың 10 айында 516 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның ішінде 202 қылмыс және 314 қылмыстық теріс қылық. Қабылданған шаралардың нәтижесінде заңсыз айналымнан 5,5 тоннадан астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді. Операцияны жүргізу кезеңінде есірткі құралдарының таралуының алдын алуға баса назар аударылды, осының нәтижесінде ӘҚБтК-нің 420-бабы бойынша 59 әкімшілік материал толтырылды (өсіп келе жатқан қарасораны жою жөнінде шаралар қолданбау) және аудандық әкімдіктермен, прокуратурамен бірлесіп 220 тонна жабайы қарасора өртеу жолымен жойылды. Полиция департаментінің базасында «NarcoShekteuTaraz» Telegram-боты іске қосылды, ол синтетикалық есірткі заттарын сақтау орындары (закладчиктер), граффити-жазбалар, облыс тұрғындарының жарнамалық белгілері бар аккаунттар туралы хабарламалары мен сұрауларын жинайды. «NarcoShekteuTaraz» Telegram-боты жұмыс істеген сәттен бастап 1574 хабарлама келіп түсті. Оның ішінде интернет желілері бойынша 1379 есептік жазба бар, оның 888-і бұғатталған және 480-і Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бұғатталған. Сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізу маңызды рөл атқарады. Мәселен, қарастырылып отырған кезеңде 23 мыңнан астам студентті қамти отырып, 764 түрлі профилактикалық іс-шаралар (акциялар -74, дәрістер - 268, дөңгелек үстелдер - 61, кездесулер-81, семинарлар-51, спорттық іс-шаралар-62, конкурстар - 41 және басқа да іс-шаралар) өткізілді және есірткіге қарсы сипаттағы 887 материалдар орналастырылды (Теледидарлар -98, ақпараттық агенттіктер- 426. мерзімді баспасөз (газеттер)- 36 және әлеуметтік желілер (Инстаграм, Facebook, YouTube) - профилактикалық сипаттағы 329 материал).