Жаңалықтар
Үздік ұстаздан – үздік тәжірибе, оқу-әдістемелік кабинетімен атқарылған жұмыстар
- author Zhambylokq
- 10 қараша, 2023
- 128
Үздік ұстаздан – үздік тәжірибе, оқу-әдістемелік кабинетімен атқарылған жұмыстар
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық білім басқармасының «Оқу-әдістемелік орталығының» басшысы Усерова Шахриазада Асылбекқызының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
«Әдістемелік қызмет-педагогтардың шеберлігін үздіксіз арттыруды қамтамасыз ететін институт» тақырыбында өткізілген баспасөз конференциясына өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.
Брифинг барысында орталықтың жұмысы, ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар мен облыс мұғалімдерінің жетістіктері туралы айтылды.
Республикалық «Үздік педагог» байқауында 2012 жылдан бастап 41 педагог жүлдегер атанды, олардың 16-ы ауыл мектебінің мұғалімдері.
Соңғы 5 жыл ішінде облыс педагогтарымен тиімді ұйымдастырылған жұмыстардың нəтижесінде халықаралық, республикалық байқаулар мен қашықтық олимпиадаларында 14407 педагог жеңімпаз атанды. Оның ішінде дәстүрлі өткізілетін байқаулар мен олимпиадаларда 274 педагог жеңімпаз атанды.
Білім беру үрдісінде инновациялық идеяларды енгізу аясында 176 оқу-әдістемелік кешендер, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша – 96 БЖБ, ТЖБ тапсырмаларының жинағы, 5-9 сыныптарға арналған оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бойынша 14 құрал әзірленіп, облыс көлемінде таратылды.
2014-2015 оқу жылдан бастап білім беру ұйымдарын басқару тиімділігінің мониторингісі жасалуда. 2015 жылы-білім беру ұйымдарының қызметін рейтингтік бағалау жүйесін енгізу, 2016 жылы - сапа менеджмент жүйесін енгізу, 2017 жылы- консалтингтік әдістемелік қызмет элементтері, 2018 жылы - ерте кәсіптік бағдар беру жүйесін енгізу, 2019 жылы- мектептерді басқарудың желілік моделі, 2020-2021 жылы- басқару құзіреттілігін дамытудың өңірлік үздіксіз жүйесін енгізу, 2021 жылдан бастап өңірлік консалтингтік әдістемелік қызметті жүйелі түрде енгізу жұмыстары жүргізілуде.