Аймақтағы инвестициялық ахуалды жақсарту
Аймақтағы инвестициялық ахуалды жақсарту
Облысымыздағы инвестициялық ахуалды жақсарту – шетелдік компаниялармен сауда-экономикалық әріптестікті, тығыз өңіраралық өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев халықаралық біліктілік және креативті индустрия орталығының басшысы Ерік Өтембаевпен кездесті. Поляк компанияларымен екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты, нақтырақ айтқанда тау-кен және химия өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау, логистика салаларындағы ынтымақтастық әлеуетіміз бен жоспарларды талқылады. Кездесуде ауыл шаруашылығы техникасын шығару, қоқыс өңдеу кәсіпорындарын салу бойынша жобаларды іске асыру үшін жан-жақты мүмкіндіктер атап өтілді. Сондай-ақ шығармашылық индустрияны дамытуда өңірімізде тігін, тоқыма кластерін құруға ерекше назар аудару маңызды екенін айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында креативті индустрияны одан әрі дамыту бойынша нақты міндеттерді белгілеп, бұл экономика өсімінің жаңа көздерін құруға, инвестициялық және туристік ағымдарды тартуға мүмкіндік беретінін атап өткен болатын. Біз жоғары бизнес-әлеуетке ие болашағы бар шығармашылық бастамаларды қолдауға дайынбыз деді,- облыс басшысы Кездесуде талқыланған жобаларды жан-жақты зерделеу, шетелдік компаниялармен тығыз байланыс орнату бойынша Ербол Шырақпайұлы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.