Жаңалықтар

Қолжетімді әрі сапалы білім

Қолжетімді әрі сапалы білім

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Мейірхан Азатұлының қатысуымен баспасөз конференциясы  өтті. «Қолжетімді әрі сапалы білім» тақырыбында өткізілген баспасөз конференциясына өңірлік БАҚ өкілдері қатысты. Брифинг барысында мектепке дейінгі тәрбие, орта білім, материалдық техникалық базаның нығайуы, облыс оқушыларының қосымша біліммен қамтылуы,тәрбие бағыты, білім саласындағы жетістіктер мен жаңашылдықтар туралы айтылды. Облыста 2023-2024 оқу жылында 585 мектепке дейінгі мекемеде 60 мыңға жуық бала тәрбиеленсе, 501 жалпы білім беретін мектепте 246917 оқушы білім алса, 78 қосымша білім беру ұйымдарында 68620 бала қамтылуда,  ал 44 техникалық және кәсіптік білім мекемесінде 26164 студент білім алуда. Мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған 2-6 жастағы балалардың үлесі - 94,2% , 3-6 жастағы балалардың үлесі - 100%. Жыл басынан 2845 орындық 14 жекеменшік балабақша ашылды. 445 күндізгі мектепте 234 336 оқушы, 49 жеке меншік мектепте 11418 оқушы, 3 кешкі мектепте 640 оқушы, 5 арнайы мектепте 523 оқушы білім алуда. 2023 жылға 17 білім нысандарын күрделі жөндеуден өткізуге 4,4 млрд. теңге қаржы қарастырылып, бүгінгі күні 14 білім нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Облыста 78 қосымша білім беру мекемелерінде 68620 оқушы, мектептегі үйірмелерде 110342 оқушы, мәдениет және спорт басқармалары арқылы 13732 бала  қосымша біліммен қамтылып, қамту көрсеткіші 81,1%-ды құрап отыр. Қоғамның игілігіне қызмет атқаратын ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ұлттың жаңа сапасын қалыптастырады. Бұл бағытта ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы оқу-тәрбие процесіне енгізілді. Біртұтас  тәрбие бағдарламасы - жас ұрпаққа ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беру жолы негізінде  «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ»,  «АР-ҰЯТ»,  «ТАЛАП» құндылықтары арқылы жүзеге асырылады. Биыл бірінші рет ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пән олимпиадасы өткізілмек.