Еңсе тіктеген өңір спорты
Бүгін журналистер үшін кезекті пресс-тур. Тілшілерге арналған баспасөз турының өтуіне бұл жолы спорт басқармасы ұйытқы болды.Спорт кешендерін аралап, жұмысымен танысып қайтты.
Ең алдымен, БАҚ өкілдері Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз - Арена» спорт сарайына барды. Әлемдік аренада Әнұранымызды шырқатып жүрген спортшыларымыз шыныққан спорт сарайында 18 нұсқаушы, 1056 оқушы-спортшымен шұғылданады. Одан кейін, тілішілер № 1 № 4, № 5, № 6 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жұмысымен танысты.
2001 жылы ашылған № 6 облыстық мамандандырылған балалар- жасөспірімдер спорт мектебінде қазіргі таңда 56 жаттықтырушы қызмет атқарады, 1103 спортшы шұғылданады. № 4 облыстық мамандандырылған балалар- жасөспірімдер спорт мектебінде 30 жаттықтырушы қызмет атқарады, 1 122 спортшы шұғылдануда. № 5 облыстық мамандандырылған балалар- жасөспірімдер спорт мектебі 44 жаттықтырушы, 907 спортшы мекемеде спортпен айналысуда.
Келесі нысан «Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубы. Мекеме 2017 жылы ашылған. Қазіргі таңда 45 жаттықтырушы, 609 спортшы шұғылдануда. Жасөспірімдерді спортқа баулып жүрген бапкерлер оқушылардың жетістікерін мақтана айтып, алдағы уақытты биік шыңдарды бағындырып, еліміздің көк байрағын желбіретеді деген сенімде.
Халықаралық ареналарында абыройымызды асқақтатып жүрген жамбылдық жерлестеріміз дәл осы спорт мектептерінде тәрбиеленген. Спортта атқарылып жатқан жұмыс та, жетістікте жетерлік.
Келесі мақала