Жаңалықтар

Жамбыл ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Жамбыл ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Ауданның жалпы аумағы 430,9 мың гектар. Ауданға қарасты 17 ауылдық округтегі 42 елді мекенде 88 211 халық тұрады Ұлттық құрамы бойынша ауданда халықтың басым бөлігі қазақтар 72% (63 309 адам), дүнгендер 9,2% (8 131 адам), күрділер 6,1% (5 359 адам), түріктер 4% (3 415 адам), орыстар 2,8% (2 498 адам), басқа ұлт өкілдері 6% (5 427 адам). Аудан аумағында Айшабибі, Бабаджа Хатуан кесенесі, Бектөбе, Бесағаш қалашығы, Ақыртас сарай кешені, Әулие бастау бұлағы, Айшабибі шипажайы мен Таскөл, Ақжол, Алтын бұлақ, Алмалы ресорт, Сеңгірбай туристік нысандар бар. Ауданда барлығы 3415 агроқұрылымдар жұмыс жүргізуде, оның ішінде 4 өндірістік кооператив, 35 ауылшаруашылық кооперативі және 3 376 шаруа қожалықтары бар. 2023 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 53,6 млрд. теңгені немесе нақты көлем-индексі 100,2%-ға жетті. 2023 жылға жоспарланған 60152 гектарға егу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде күздік бидай 4580 га, жаздық арпа 13432 га, майлы дақылдар 3070 га, қант қызылшасы 1540 га, картоп 602 га, дәндік жүгері 1915 га, бақша 785 га, көкөніс 9 027 га, мал азығы 25 200 гектар. Бүгінгі күнге 4582 тонна бидай, 12357 тонна жаздық арпа,   3 545 тонна майлы дақылдар,  13 585 тонна картоп, 259 655 тонна көкөніс, 21 760 тонна бақша және 310 564 тонна мал азығы жиналды. 2023 жылдың қаңтар–қыркуйек айларында шаруалар 963,4 млн. теңгеге 123 дана ауыл шаруашылық техникаларын алды. Ауданда жұмыс жасайтын 19 жылыжайда 17 фермерлік, 2 өнеркәсіптікке 3,2 га. қияр дақылы отырғызылып  83,5 тонна өнім жиналып нарықтық бағамен өткерілді. Ауданда жалпы алаңы 42 400 шаршы метрді құрайтын 113 қойма тіркелген (сыйымдылығы 37 829 тонна). 2023 жылы Ақбұлым ауылынан бір қойма (Атабеков ШҚ) салынды (15,3 млн). 2024-2025 жылдары  жеміс және көкөніс сақтайтын 4 қойма салу жоспарлануда, жобалық қуаты 1 560 тонна, жобалық құны 145,3 млн. теңге (Жетіспейтін жайылым көлемі 87 100 га құрады. Бүгінгі күнге, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 37300 гектарды құрайтын жайылым жетіспеушілігі анықталып отыр. 2019-2022 жылдары «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 3 ауылдық округте іске асырылды, атап айтқанда Бесағаш, Өрнек, Қаракемер  ауылдық округтерінде. Осы жоба аясында 538 адам жұмыс орнымен қамтылды. Осы ауылдық округтерден 532 жеке кәсіпкерлер 2,2 млрд теңгеге несие алды. 2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасын одан әрі іске асыру барысында Айшабибі, Қарасу, Тоғызтарау ауылдық округтерінде барлығы 379 құжат 2,5 млрд өтінім өткізіліп, қазіргі таңда 128 аула 836,8 млн. теңгеге несиелерін алды.Ауданда  15 өнеркәсіп нысандары жұмыс істеп тұр. 2023 жылдың есепті мерзімінде өнеркәсіп саласында 26,5 млрд өнімі өндірілді немесе нақты көлем индексі 74,2 % құрады. Жамбыл ауданында 2027 жылға дейін жалпы құны 38,2 млрд. теңгені құрайтын 193 инвестициялық жоба жүзеге асырылады, нәтижесінде 1 038 жаңа жұмыс орны құрылады. Ауданда 9 269 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Оның ішінде тұрақты жұмыс істеп тұрғандары 8428 субъект. Бұл салада 7915 адам жұмыс атқаруда. Өндірілген өнім көлемі 23,6 млрд теңге. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы шеңберінде 32 жоба 513,3 млн. теңгеге несие алып, 35 жұмыс орындары ашылды. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында пайдалануға берілген жеке меншік тұрғын үй көлемі 64 261 шаршы метрді немесе 101,0%-ды құрады. Ауданда тұрғын үй кезегіне 1 602 адам тіркелген. Бұдан бөлек, «Асар» жобасымен жағдай төмен отбасына 2023 жылы жоспарға сәйкес 16 ауылдық округте 1 үйден тапсыру жоспарланған.  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы басталғалы 316 адамға көтерме жәрдемалы берілді (63,7 млн.) ал, тұрғын үй алуға бюджеттік кредит 149 адамға  берілді (479,3 млн.). Ауданда жер телімін алуға 19 072 адам кезекте тұр. Аудандағы 42 елді мекеннің 35-де орталықтандырылған ауыз сумен (83,3%) немесе жалпы тұрғындардың 86,3% (76 166 адамы) ауыз сумен қамтылған. 2023 жылдың соңына дейін тағы 3 елді мекен ауыз сумен қамтылады Жыл қорытындысымен ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 90,5%-ға жетеді. Аудан бойынша 42 елді мекеннің 38-і табиғи газ жүйесімен қамтылған.Тоғызтарау, Жаңа Өткел, Құмсуат елді мекендерінің  ауыл ішілік газбен қамту үшін құжаттары әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды (446,6  млн.). 2023 жылы 30 елді мекеннің жалпы ұзындығы 74,2 шқ 93 ауыл ішілік көше жолдары жөнделуде (1,6 млрд.). 2023 жылы 9 елді мекеннің 24 көшесі мен бұрылыстарына жарықтандыру орнатылды (125,2 млн.). «Ауыл ел бесігі» жобасы шеңберінде 2019-2022 жылдары шеңберінде жалпы 70 жоба іске асырылып, тұрақты 183 жұмыс орны ашылды (3,8 млдр). 2023 жылы 45 жоба іске асырылуда (2 тіректі, 10 спутникті елді мекен - 2,2 млрд. Аудандағы 39 білім беру мекемесінің 26-і типтік,                            12-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. «Жайлы мектеп» жобасымен Шайқорық ауыл. 300 орындық мектеп құрылысы 2024 жылы басталады. “Жомарт түлек” жобасы шеңберінде 20 жоба іске асырылды (29,5 млн.).Денсаулық сақтау саласында 35 мекеме бар оның                                     19-ы ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. 2023ж. Шайқорық ауыл. 45 келушіге дәрігерлік амбулаториясының құрылысы жүргізілуде (250,5 млн.), Жаңа Өткел ауылынан 5 келушіге арналған медициналық пункт құрылысы басталды (94,6 млн.). Өрнек ауылында дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеу жұмыстары жүруде (123,4 млн.).Аудан бойынша 1 аудандық мәдениет үйі, 4 ауылдық мәдениет үйі,   14 ауылдық клуб бар. 2023 жылы Гродеково ауылдық мәдениет үйі мен (14,9 млн.). Ашыбұлақ ауылдық клубын ағымды жөндеу жұмыстары аяқталды (15,7 млн.). Қызылқайнар ауылында 180 орындық мәдениет үйінің (281,2 млн.) және  Ақбұлым ауылының мәдениет үйінің (355,1 млн.)  құрылысы басталды. 2023 ж. Аса ауылынан мұражай құрылысына аудандық бюджеттен 172,2 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүруде (247,1 млн). Сондай-ақ, аудандық бюджеттен Аса ауылынан орталық кітапхана ғимаратының құрылысын бастауға 10 млн. теңге (жобалық құны – 381 млн. теңге) және жасөспірімдерге арналған демалыс орталығының құрылысын бастауға 10 млн. теңге (жобалық құны – 250,8 млн. теңге) бөлініп отыр. 2023 жылы 5 елді мекенге Қаратау ауыл., Қызылдихан ауыл.,Түрксіб ауыл.,Аса ауыл. Ғ. Мұратбаев көш., Тоғызтарау ауыл. шағын футбол алаңшасы орнатылды (78,5 млн.). Сондай-ақ, 6 елді мекенге балалар ойын алаңшалары орнатылды.2023 жылы 5 спорт кешенінің құрылысына 976,7 млн. теңге бөлініп, құрылысы аяқталуда ( Қаракемер, Өрнек). Сұлутөр Айшабибі, Гродиково ауылында салтанатты түрде спорт кешені пайдалануға берілді. Бесағаш ауыл. спорт кешінінің құрылыс жұмыстары басталды оған 222,2 млн. теңге бөлініп отыр. 2024-2026ж.ж. Тастөбе, Қызылқайнар, Ақбұлым ауылдарынан спорт кешендерінің және Ерназар, Бірлесу-Еңбек, Ащыбұлақ, Тоғызтарау ауылдарынан модульді спорт кешендерінің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Аудан халқының 32,3% немесе 28 434 жастарды құрайды. 146 жас бастау бизнес жобасымен оқытылды. 100 жас «Жасыл ел» жасақтары қатарына алынды. Ағымды жылы «Ауыл аманаты» жобасымен 123 жас, ал «Мансап» орталығынан 2,5% жеңілдікпен 53 жас несие алған. Жалпы ауданда 42 елді мекеннің 27-нің кіре және шыға берісіне  110 бейне бақылау камералары орнатылған.2023 жылы 8 елді мекенге 22 бейне бақылау камералары орнатылды.