Жаңалықтар

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Н. Нысанбаевтың БАҚ өкілдерімен кездесуі

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Н. Нысанбаевтың БАҚ өкілдерімен кездесуі

Жаңа ғана, Жамбыл облысының тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарымен кездесуім өтті, онда Экология министрлігі және тәбиғи ресурстартар жетекшілік ететін салалардың дамуы туралы ақпарат бердім. Жамбыл облысындағы экологиялық жағдай тұрақты. Ағымдағы жылдың 9 айында облыста зиянды заттар шығарындыларының көлемі 44,805 мың тонна құрайды. Жамбыл облысының 2020-2024 жылдарға арналған Экологиялық мәселелерді шешу  бойынша Жол картасында 15 іс-шара көзделген. Оның ішінде 10 орындалды, 4 орындалмады, 1 іс-шара алынып тасталды. Тамыз айында жол картасы жаңартылды және қазіргі уақытта орындалып жатқан 25 іс-шарадан тұрады. Сонымен қатар, өтініштерді талдау Жамбыл облысының халқын толғандыратын бірқатар жүйелі экологиялық проблемалар бар екенін көрсетті. Біріншісі, Тараз қаласының айналасында "Қазфосфат" ЖШС – фосфогипс қалдықтары орналастырылған. Бүгінгі таңда көлемі 16 млн. тоннадан асатын фосфогипс жинақталған 2 үйінді бар. Тараз қаласынан 20 шақырым жерде үшінші үйінді іске қосу жоспарлануда. Бұл ретте фосфогипсті ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде, сондай-ақ автомобиль жолдарын салу үшін пайдалануға болатынын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда аталған мақсаттарға 140 мың тонна пайдаланылды. Осыған байланысты Жамбыл облысының әкімдігі ауыл шаруашылығында жол құрылысында фосфогипсті пайдалану бойынша жұмысты жандандыруы қажет. Екінші мәселе, ірі кәсіпорындардың атмосфералық ауаға шығарындыларын бақылау. Жамбыл облысы бойынша экология департаменті ірі кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтарынан тыс жерлерде үнемі ауа сынамаларын алып отырады (ЖШС «Казфосфат» МУ», ЖШС «Казфосфат» НДФЗ», ЖШС «Казфосфат» ГПК «Каратау», АҚ «Жамбылская ГРЭС им. Т. Батурова», ЖШС «Жасыл-Ел Тараз», ЖШС «TalasInvestmentcompany», ЖШС «ЕвроХим-Каратау», ЖШС «ЕвроХим-Удобрения»). Бұдан басқа, Экологиялық кодекстің нормаларына сәйкес I санаттағы объектілерге міндетті түрде эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу қажет. Т. Батуров атындағы ГРЭС кәсіпорнында: - тазарту құрылыстарының тиімділігін бақылау үшін сутегі көрсеткіштері, сарқынды сулардың температурасы мен шығыны автоматты түрде анықталады, - №1 және №2 түтін құбырларында автоматты мониторинг үшін азот оксидтерінің, күкірт оксидінің және мазут күлінің жалпы шығарындыларын анықтауға арналған датчиктер орнатылған. "Қазфосфат" ЖШС Минералды тыңайтқыштар зауытында: - автоматты жүйе жұмыс істейді № 11 (аммофос цехы) және № 219 (аммофос цехы) көздерінде өнеркәсіптік шығарындылардағы зиянды заттардың концентрациясын анықтау үшін датчиктер орнатылған. - күкірт қышқылын өндіру цехында № 209 көзінде азот оксидін, күкірт оксидін және күкірт қышқылының буын анықтау үшін датчиктер орнатылған. Қазіргі уақытта қоршаған ортаның жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкіне Т.Батуров атындағы МАЭС ғана қосылған. Қалдықтарды басқару саласында қалдықтарды басқарудың нашар дамыған инфрақұрылымы, ҚТҚ полигондарының нормаларға сәйкес келмеуі, рұқсат етілмеген полигондардың едәуір саны негізгі проблемалар, болып табылады. Жамбыл облысы бойынша түзілген ҚТҚ көлемі 2023 жылдың 9 айында 38,4 мың тоннаны құрады, оның 6 мың тоннасы қайта өңделді, бұл түзілген қалдықтардың 15,7% - ын құрайды. Бұл ретте сұрыпталған коммуналдық қалдықтар Шымкент қаласына қайта өңдеу үшін жіберіледі, өйткені Жамбыл облысында қалдықтарды қайта өңдеу кәсіпорны жоқ. Бұдан басқа, полигондардың едәуір санында қоршаулар, рұқсат беру құжаттары, тарату қоры, таразы жабдықтары жоқ. Көптеген полигондардың иелері мемлекеттік мекемелер болып табылатынын атап өткен жөн. Осы саладағы мәселелер ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде ҚР Үкіметінің отырысында талқыланып, нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, барлық өңірлердің әкімдіктеріне коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу тапсырылды. Министрлік өз тарапынан мынадай жүйелі шараларды іске асыруды жүзеге асырады: - өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері(РОП) шеңберінде арнайы кәсіпорындарды субсидиялау тетігін қайта іске қосу жоспарлануда.Бүгінгі таңда ҚР Экологиялық кодексіне түзетулер қабылданды, заңға тәуелді актілерді қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде; - өңірлерді (әкімдіктердің) қажеттіліктеріне сәйкес Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері(РОП) шеңберінде өңірлерді материалдық-техникалық жарақтандыруды іске қосу бойынша Экологиялық кодекске түзетулер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл ретте, бүгінгі таңда қалдықтар бойынша жобалардың алдын ала пулы қалыптастырылуда Стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болуын болдырмау үшін Экология министрлігі заңнамалық деңгейде бірқатар шаралар қабылдады: қалдықтарды басқару жөніндегі кәсіпкерлік субъектілері үшін лицензиялау және хабарлама жасау тәртібі енгізілді, фракциялар бойынша қалдықтарды бөлек жинау бойынша міндеттеме енгізілді, сондай-ақ жеке тұлғаларға қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін айыппұлдар 10 АЕК-тен 50 АЕК-ке ұлғайтылды (шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалар үшін) – 100 АЕК (кәсіпкерліктін орта және ірі субъектілері үшін экономикалық пайдалы сәйкесінше – 100% және 200% мөлшерінде). Орман шаруашылығы саласында 2023 жылға бекітілген Кешенді жоспарға сәйкес Жамбыл облысы бойынша жалпы ауданы – 19,1 мың гектар ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі іс-шаралар жоспарланған, оның ішінде көктемгі кезеңде 6020 гектарға (сексеуіл және Қарағаш) көшет отырғызу жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта сексеуілді 13 147 гектарға отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, балық шаруашылығын дамыту мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда балық шаруашылығын жүргізу үшін 81 пайдаланушыға 88 су қоймасы бекітілген. Оның ішінде 34-көл-тауарлық балық шаруашылығын жүргізу үшін, 34 - спорттық (әуесқойлық) балық аулау үшін, 20 - кәсіптік балық аулау үшін, онда 168 адам жұмыспен қамтылған, өткен жылы 76 тоннаға жуық балық ауланған. Балық шаруашылығын дамыту Бағдарламасы шеңберінде өсірілетін тауарлық балық көлемі 2021 жылы жоспар бойынша 105,9 тонна нақты 383 тонна (362%) өсірілді, 2022 жылы жоспар 464 тонна нақты 483 тонна (104,1%) өсірілді, 2023 жылы жоспар бойынша 666 тонна нақты 858 тонна (128,8%) өсірілді, 2030 жылға қарай 8 000 тонна тауарлық балық өсіру жоспарланған. Акваөсіру субъектілерін субсидиялау үшін 2023 жылы Жамбыл облысы бойынша жергілікті бюджеттен 281 млн теңге бөлінді. Құрметті журналистер, мен Жамбыл облысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қысқаша мәлімет бердім. Сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.