Қызылша ауруының алдын-алу шаралары
Жамбыл облысында 2023 жылдың 20 қарашасына 2124 астам қызылшамен ауырғандар тіркелді, ауырғандардың негізгі бөлігі – балалар (82%). Ауру облыстың барлық аудандарында анықталуда, бірақ ең көп жағдайлар Тараз қаласында (1339 ж.), Меркі ауданында (150ж.), Байзақ (148ж.), Шу (134ж.) аудандарында тіркелуде.
Ауырғандардың арасында 85% әр түрлі себептермен екпе алмағандар, бірақ бұлардың көбі екпеден бас тартқандар (33%), медициналық кері көрсетілімдері балалар (26%), екпе алу жасына жетпегендер (20%).
Қызылшаны емдеудің арнайы және тиімді емі жоқ.Қызылшадан сақтанудың жалғыз жолы вакцинация жасау болып табылады.
Ұлттық екпе жүргізу күнтізбесіне сай, вакцинация жоспарлы түрде 1 жаста және 6 жаста жасалады. Вакцинация үшін қызылшаға қарсы тиімді әрі қауіпсіз, қызамыққа және паротитке қарсы компоненттері қосылған вакцинасы (ККП) қолданылады.
Жамбыл облысында 7 қарашада қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау басталды. Вакцинацияны 6 айлықтан бастап, 11 айға толған балалар, 2,3,4 жастағы балалар алады. Сонымен қатар, екпе алғаны туралы мәліметі жоқ, уақытысында екпе алмағандарға екпе жүргізілуде (наверстывающая вакцинация).
Бүгінде қызылшаға қарсы 5 мыңнан аса адам екпе алды, және күнде бұл сан арта өсуде.
Біле жүргеніңіз дұрыс, қызылша мен қызамықтан емдеуге арнайы дәрі-дәрмектер жоқ, сондықтан да тек екпе ғана Сізді және балаңызды осы инфекциялардан қорғайды.
Сонымен қатар, індеттің алдын алуда төменде көрсетілген шараларды сақтау қажеттігін ескертеміз:
- Адамдар көп шоғырланған ортадан аулақ болу. Егер де Сіз осындай жерлерге барсаңыз немесе бару қажет болса, онда медициналық бетпердені (масканы) пайдаланыңыз;
- Ара қашықтықты сақтау қажет және респираторлық гигиена мен қол жуу гигиенасын ұмытпаған жөн.