Таразда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші анықталды
Таразда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші анықталды
19 қараша сағат 23:25-те Тараз қаласының Төле би көшесінде белгісіз көлік құралының жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінде отырған 38 жастағы жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен. Жаяу жүргінші жол-көлік оқиғасы салдарынан алған дене жарақатынан ол жерде қайтыс болды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған) сотқа дейінгі тергеу басталды . “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде бейнебақылау камераларының көмегімен жедел-іздестіру жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері Toyota Alphard автокөліктің иесі Жамбыл ауданының 32 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. – Жүргізушінің қатысуымен тергеу әрекеттері, соның ішінде тергеу эксперименті жүргізіліп жатыр. Себебі соққы тұман жағдайында жасалған. Сараптамадан кейін оны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шаралар қабылданады, – деді ПД бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.