Брифинг

2023 жылдың 20-30 қараша аралығында өткізілетін «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы

2023 жылдың 20-30 қараша аралығында өткізілетін «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 қарашасындағы ҚР Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, 2023 жылдың 20-30 қараша аралығында облыс аумағында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.Іс-шараның басты мақсаты – қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әйелдер мен балаларға қарсы кез келген зорлық-зомбылық деректерінің жолын кесу, құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын нығайту болып табылады.Қоғамдық тәртіпті сақтауды және құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейтуге бағытталған басқарушылық шешімдердің арқасында қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны -13,4%-ға және көшелерде -10,0%-ға төмендеуіне қол жеткізілді.Сонымен қатар, патрульдік полиция қызметкерлерімен және басқа да ІІО қызметкерлерінің автомобиль жолдарында тиісті жұмыстарды жүргізу барысында жол-көлік оқиғалары -28,9%, қаза тапқандар саны -16,9% және жарақат алғандар саны -30,8% түсіп отыр. - Былтырғы жылмен салыстырғанда ЖКО салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны төмендегенімен, әрбір азаматтың өмірі, денсаулық жағдайы бізге алаңдатушылық тудыруда, сондықтан жолдың барлық қатысушыларына жолда жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз,- деді Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрмет Мәжікенов.