Өңірдегі халық шығармашылығының дамуы
Өңірдегі халық шығармашылығының дамуы
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы өңір шығармашылығының дамуына ауқымды үлес қосу бағытында облыстағы 197 мәдениет үйі мен клубтардың қызметін зерделеу, талдау, үйлестіру, әуесқой көркемөнерпаздар ұжымдары мен үйірмелеріне әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсету жұмыстарын атқарып, сонымен қатар шалғай жатқан елді мекендерде өнерге бейім, тасада қалған туматаланттарды анықтау, таныту, қолдау көрсету мақсатында халықаралық, республикалық, облыстық деңгейде түрлі конкурстар, фестиваль, айтыс, мүшайра, көрме, тағы басқа да түрлі форматтағы мәдени жобаларды ұйымдастырады. Баспасөз конференциясында орталық директоры Ғани Садырбаев өңірдегі халық шығармашылығының дамуы, атқарған жұмыстары туралы есеп береді. Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында халық игілігіне беріліп жатқан мәдениет үйлері жайындағы ақпараттар да ортаға салынады.