Жуалы ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
2023 жылдың 10 айдың қорытындысы бойынша аудан экономикасының барлық салаларында оң динамика қалыптасты. Нақтырақ айтқанда:
- АУЫЗ СУ БОЙЫНША: 2023 жылы 6 елді мекенге жаңадан ауыз су жүйесі кірізілді. Бүгінгі күнге 49 елді мекеннің 42-сі ауыз сумен қамтылып 85,7% құрайды.
- ТАБИҒИ ГАЗ. Аудан бойынша 49 елді мекеннің 45 елді мекені табиғи газбен қамтылған, ол 91,8 пайызды құрайды. Табиғи газбен қамтылмаған Билікөл ауылдық округіндегі 4 елді мекенге 307 824,4 мың теңгеге кварталішілік газ тартуға ЖСҚ әзірленді.
- ЖАЙЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің көлемі 216 334 га құраса, оның ішінде егістігі 95 447 га.,суармалысы 8 460 га. жайылымы 114 559 га., шабындығы 2046 га.
- «АУЫЛ АМАНАТЫ» жобасы аясында 2019 жылы Ақтөбе ауылдық округінің, 2021 жылы Ақсай ауылдық округінің, 2023 жылы Жетітөбе, Қызыларық, Қарасаз және Мыңбұлақ ауылдық округтерінің тұрғындары жобаға қатысып құжаттарын рәсімдеуде.
- ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ БОЙЫНША: Ауданда 2023 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша құрылыс көлемі индикаторы – 4 037,2 млн.теңге.
- КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША:
- ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 2023 жылы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1 500 (бір мың бес жүз) еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада 28 маманға 144 900,0 мың теңге бюджеттік несие, біржолғы көтерме жәрдемақыға барлығы 60 маманға 20 700,0 мың теңге қарастырылып толық берілді.