Брифинг

Жуалы ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Жуалы ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

2023 жылдың 10 айдың қорытындысы бойынша аудан экономикасының барлық салаларында оң динамика қалыптасты. Нақтырақ айтқанда:

  1. АУЫЗ СУ БОЙЫНША: 2023 жылы 6 елді мекенге жаңадан ауыз су жүйесі кірізілді. Бүгінгі күнге 49 елді мекеннің 42-сі ауыз сумен қамтылып 85,7% құрайды.

Қалған ауыз сумен қамтылмаған 7 елді мекеннің 2 елді мекені Түктібай, Ақтөбеге ЖСҚ әзірленіп республикалық бюджетке облыстық энергетика басқармасы арқылы өтінім өткізілді. Ал халық саны аз 5 елді мекенге Көктас, Қарасу, Амансай, Күркіреусу, Қазбастау, елді мекендеріне ағымды жөндеу КБМ орнату жұмыстары арқылы ауыз сумен қамтылатын болады.

  1. ТАБИҒИ ГАЗ. Аудан бойынша 49 елді мекеннің 45 елді мекені табиғи газбен қамтылған, ол  91,8 пайызды құрайды. Табиғи газбен қамтылмаған Билікөл ауылдық округіндегі 4 елді мекенге 307 824,4 мың теңгеге кварталішілік газ тартуға ЖСҚ әзірленді.
  2. ЖАЙЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің көлемі 216 334 га құраса, оның ішінде егістігі 95 447 га.,суармалысы 8 460 га. жайылымы 114 559 га., шабындығы 2046 га.

2023 жылы облыстық жер қатынастары басқармасымен 10000 гектар жер телімін қайтару жоспары бекітілді. Аудан шаруаларының жайылым жерлерін ұлғайту мақсатында көлемі 810,6431 га құрайтын 13 жер телімі мемлекеттік жер қорына қайтарылды.

  1. «АУЫЛ АМАНАТЫ» жобасы аясында 2019 жылы Ақтөбе ауылдық округінің, 2021 жылы Ақсай ауылдық округінің, 2023 жылы Жетітөбе, Қызыларық, Қарасаз және Мыңбұлақ ауылдық округтерінің тұрғындары жобаға қатысып құжаттарын рәсімдеуде.
  2. ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ БОЙЫНША: Ауданда 2023 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша құрылыс көлемі индикаторы – 4 037,2 млн.теңге.

Қайрат ауылында 149 орындық мәдениет үйінің құрылысы 13.07.2022ж басталды нысан 2023 жылға өтпелі. «Жуалы ауданы Көлбастау ауылында 149 орындық мәдениет үйлерінің құрылысын салу» нысаны бойынша 2023 жылдың 03 шілдесіндегі №31 келісім шартқа сәйкес «Dauren build» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың 29 тамызында бастап, 2024 жылдың 29 сәуірінде аяқталуы тиіс. Аудан орталығы Б.Момышұлы ауылындағы орталық мәдениет үйіне қосымша жапсарлас құрылыс салу жұмыстары жүргізілуде, 2023 жылдың 27 қарашасында аяқталуы тиіс. Жалпы жұмыстары 93% орындалған.

  1. КӨП ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША:

«Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылында көппәтерлі тұрғын үй құрылысын салу (белгі №2)» нысаны бойынша 18 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үй құрылысы 16 мамырда басталып, 16 желтоқсанда аяқталуы тиіс болатын, құрылыс жұмыстары 100% орындалды, 30 қазанда пайдалануға қабылданды.

  1. ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 2023 жылы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1 500 (бір мың бес жүз) еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада 28 маманға 144 900,0 мың теңге бюджеттік несие, біржолғы көтерме жәрдемақыға барлығы 60 маманға 20 700,0 мың теңге қарастырылып толық берілді.