Абай ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар
Абай ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар
Есепті кезеңде ауылдың әлеуметтік-экономиканың көрсеткіштерінің барлық бағыттары бойынша оң динамика қалыптасты. Кәсіпкерлік Бүгінгі күнге Абай ауылдық округінде 5 шағын орта бизнес, 1 ірі кәсіпорын тіркелген. Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер саны - 161, ЖШС - 1, АӨК - 1. 2022 жылдан бастап Абай ауылдық округінде «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 146 ауыл тұрғыны 2,5%-бен жалпы сомасы 759 млн 310 мың теңге жеңілдетілген несие алды. Ауыл шаруашылығы Мал басына тоқталар болсам, ауылға «Ауыл аманаты» жобасы келуіне байланысты 10 айда мал басы саны екі есеге өсті. Мүйізді ірі қара – 2918 бас Жылқы – 1519 бас Қой мен ешкі – 50381 бас Құстар – 6705 бас Сүт өндірісі – 1865 тонна Жұмыртқа – 2888 дана Ет (тірі салмақта) өндірісі – 2790 тонна. Инвестиция.Кәсіпкер Шалқар Асанов басқаратын «Керең» шаруа қожалығының «Сүт тауарлы фермасын» құру жобасына 93 млн теңге 140 бас «Сементал» тұқымдас құнажын сатып алып тауарлы сүт фермасын құру үшін 263 млн,тг жеке инвестиция тартып, бүгінгі күні кешеннің құрылыс жұмыстарының 90%-ы орындалды. Нәтижесінде 6 адам жұмыспен қамтылды. Ауыз су мәселесі Бүгінде ауылдың 7 көшесі орталықтандырылған ауыз сумен 100% қамтылған. (2 су имараты жұмыс бар). Жол мәселесі. Ауыл ішілік 7 көшенің барлығы 100% асфальттанған. Әлеуметтік көмек Зейнеткерлер саны 240 адам, көп балалы аналар саны -102, оның ішінде 22 - «Алтын алқа», 27 - «күміс алқа» иегерлері. Ағымдағы жылы 77 адам тұрақты жұмыспен, 5 жастар тәжірибесімен, 22 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды. Білім саласы Абай ауылдық округінде 1 мектеп 1 балабақша бар (1 орта мектеп, «Әбдіқадыр» балабақшасы). «Абай шағын орталықты» орта мектебінде 431 оқушы білім алуда. Оларға 58 мұғалім дәріс береді. Мектепте 100 компютер, 1 ағылшын тілі, 2 мультимедия кабинеті, 5 интерактивті тақталар орнатылған. Биология, химия, физика пәндерінің кабинеттері қажетті құрал-жабдықтармен сапалы жабдықталған. Мектепте 38 баладан тұратын МАД тобы бар. Үйірмелер саны -27. Денсаулық сақтау саласы Ауылымыздағы дәрігерлік амбулаторияда 11 адам қызмет етеді. 1-дәрігер, 1-әлеуметтік маман, 3-аймақтық медбике, 1-акушер және 1-ем егу медбике, 1-тазалықшы (техперсонал), 2-қарауыл, 1-көлік жүргізуші. Спорт саласы Спорт мекемесінде 1 жаттықтырушы жұмыс істейді. Спорт саласы бойынша әр түрлі үйірмелер бар.