Брифинг

2023 жылы Жобалық кеңсесінің атқарылған жұмыстары

2023 жылы Жобалық кеңсесінің атқарылған жұмыстары

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қаңтардағы кеңейтілген отырысында (хаттаманың 3.33-тармағы) және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте 2022 жылғы 1 ақпанда мемлекеттік аппараттың қызметіне жобалық басқаруды енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру үшін жобаларды басқарудың заманауи тәсілдерін енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды.2020 жылғы 5 қазанда Мемлекет басшысы Үкіметтің жобалау кеңсесінің базасында Ұлттық Жобалау кеңсесін құру арқылы жобалық тәсілді қолдануды ұсынды.Бүгінгі таңда барлық орталық және жергілікті атқарушы органдарда жобалық кеңселер құрылып, жұмыс істеуде.Жамбыл облысы әкімінің 2020 жылғы 24 тамыздағы    №224-ө өкімімен "Жамбыл облысының жобаларды басқару және цифрландыру орталығы" КММ базасында Жобалық кеңсе құрылды. (2020ж.12.04 № 314-ө өкіммен өзгерістер енгізілді)Жоғарыда көрсетілген өкіммен Жобалық кеңсе басшысы, бас менеджері мен әкімшісі, базалық бағыттар басшылары, сондай-ақ басқарушы комитет құрамының жобалық рөлдері мен сонымен қатар Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 301/НҚ бұйрығына сәйкес Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары бекітілді.           Жергілікті атқарушы органдар үшін Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарына сәйкес "Адами капитал", "Кәсіпкерлік және өнеркәсіп", "Инфрақұрылымды дамыту" және "Агроөнеркәсіптік кешені",  сондай-ақ мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, мемлекеттік аппараттың кәсібилігі мен біліктілігін арттыруға бағытталған бесінші, "Үлгілік базалық" бағыттар айқындалды. Бес базалық бағыт бойынша өңірлерді дамыту бағдарламасын іске асырудың бірыңғай жобалық архитектурасы айқындалды. Бүгінде жобалық кеңседе Ұлттық жобалық кеңсемен, орталық мемлекеттік органдардың жобалық кеңселерімен және облыстық басқармалардың жобалық топтарымен өзара іс-қимыл жасайтын 9 адам жұмыс істейді.  Жамбыл облысының жобалық кеңсесі құрылғаннан бері келесі жұмыстар атқарылуда.   2021 жылы "Аmanat" партиясы пилоттық режимде өзгеріс жолын жариялады. "ауыл ел бесігі" сайлауалды бағдарламасы аясында және "ауыл ел бесігі" бағдарламасы бойынша "Easy project"ақпараттық жүйесі арқылы жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізілді.

Ұлттық жобалардың жалпы саны Бағыттар саны ҰЖ көрсеткіштері саны Іс шаралар саны  «Easy  Project» АЖ-не енгізілген іс шаралар саны Ауытқулыр
10 40 119 352 254 97
Ұлттық жобалар

2021 жылы пилоттық режимде «Аmanat» партиясының Өзгерістер жолы: «Әркімге лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аясында және «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша жобалар «Easy project» ақпараттық жүйесі арқылы жобалардың іске асырылуына мониторингі жүргізілді.

«Аmanat» партиясының сайлауалды Өзгеріс жолы: «Әркімге лайықты өмір!» бағдарламасы  «Ауыл ел бесігі»
Республикалық жол картасы –  117 іс шара Облыстық жол картасы –  121 іс шара 2021 жылы – 119 жоба 2022 жылы – 149 жоба

Штабтың барлығы 85 отырысы өткізілді . Жергілікті атқарушы органдардың жобалық қызметін ұйымдастыру бойынша консультациялық-әдістемелік қолдау және сүйемелдеу тұрақты негізде көрсетіледі. "Easy project" ақпараттық жүйесіне іс-шараларды енгізу бойынша мемлекеттік органдар мен аудан әкімдіктерінің жауапты қызметкерлеріне тәжірибелік оқыту жүргізілді. Күн сайын мемлекеттік органдардың жобалық кеңселерімен тұрақты кездесулер өткізіледі. Ақпараттық жүйеде жұмыс істеу бойынша 2022 жылы 541 есептік жазба, 2023 жылы 25 есептік жазба алынды. Мемлекеттік органдарда жобалық менеджментті сапалы енгізудің маңызды мәселелерінің бірі жобаларды басқару саласындағы құзыреттер бойынша Мемлекеттік қызметшілерді оқыту және сертификаттау болып табылатынын атап өткен жөн. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мақсатында жобалау кеңсесі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп ҚР СТ ISO 21500-2014, ISO 21502-2022 ұлттық стандартының "жобаларды басқару жөніндегі Нұсқаулық" бойынша оқыту ұйымдастырды. 99 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырудан өтті, оның 45-і аттестатталды.

Оқу жылы Оқытылған қызметкерлер саны Сертификаттаудан өткен қызметкерлер саны Ауытқулар
2019 24 13 11
2020 11 1 10
2021 15 11 4
2022 49 20 20
2023 15 5 10
Всего 99 45 54
Жұмыс жоспары:

1.Мемлекеттік органдардың басшылары мен олардың орынбасарларын, сондай-ақ аудан әкімдері мен олардың орынбасарларын, ауылдық округ әкімдерін оқытуды ұйымдастыру.    2.Басқарма басшыларына мемлекеттік басқару академиясында өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оқыту курстарынан өтуін қамтамасыз ету.3.ҚР Битрикс бірыңғай ақпараттық жүйесінде жобалар жүргізу.4.Аталған ұлттық бағдарламалар мен тұжырымдамалардан басқа 2023 жылы Президент Жолдауының жобаларын орындау. Алайда 2023 жылы Астана қаласында өткен Республикалық Ұлттық конкурс байқауында «Qazaqstan Project Management Awards – 2023» Жамбыл облысы Жобалық басқару офисі  «Үздік жобалық кеңсе» бойынша  Алтын жүлде игері аттанды(1-орын).