Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбылдық полицейлер алаяқтықпен айналысқан жетісайлық тұрғынды ұстады

Жамбылдық полицейлер алаяқтықпен айналысқан жетісайлық тұрғынды ұстады
ашық дереккөзі
Жамбылдық полицейлер алаяқтықпен айналысқан жетісайлық тұрғынды ұстады
Полицияға Тараз қаласының тұрғыны жүгініп, алаяқтардың құрбаны болғанын хабарлаған. Әйел адам әлеуметтік желіде Қытайдан арзан бағамен ыдыс-аяқ пен басқа да тұрмыстық керек-жарақтарды сататын интернет-дүкенді көрген. Әйел өзіне ұнаған тауарларды таңдап, мессенджер желісі арқылы хат жазысқан сатушы әйелдің жеке шотына 141 800 теңге сомасында ақша аударған. Алайда көрсетілген уақытта әйел өз тауарларын ала алмаған, сонымен қатар онымен сатушы байланысқа шықпай, нөмірін бұғаттаған. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. “Hi-tech” жедел алдын алу шаралары шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлерімен Жетісай қаласының 36 жастағы тұрғыны анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі таңда әйел азаматша кінәсін мойындады, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар