Денсаулық

Денсаулық сақтау саласындағы атқарылған іс-шаралар

Денсаулық сақтау саласындағы атқарылған іс-шаралар

Облыста статистика басқармасының соңғы деректеріне сәйкес 1 218 158 (о.і: Тараз қаласы бойынша – 526 938, ауыл халқы – 691 220).Бекітілген халық тіркеліміне сәйкес 1 171 816 адамға (о.і: Тараз қаласы бойынша – 473 843, ауыл халқы – 697 973), 389 денсаулық сақтау нысаны халыққа медициналық қызмет көрсетеді (о.і: ауруханалық ұйымдар - 26,  емханалық ұйымдар - 25, дәрігерлік амулатория – 122,  МП – 142, ФАП - 53, ғимаратсыз нысандар-15, Жедел жәрдем стансасы-1, басқалар-5).341 БМСК және 38 ауруханалық нысанда 15 726 медициналық қызметкер (о.і: 3 478 дәрігер, 12 248 орта буын қызметкерлері) қызмет атқаруда. Денсаулық саласының негізгі көрсеткіштеріне тоқталса, туу кезіндегі өмір сүру ұзақтығы (жас мөлшері) 2022 жылдың қорытындысымен 74,8 жасты (2021ж.-69,15) құрап, 5,8 жылға өсті (ҚР-74,44).Табиғи өсім 1000 тұрғынға шаққанда 15,42 (2022 ж. – 15,74), туу көрсеткіші – 21,24 (2022 ж. – 21,85), өлім – жітім – 4,3 (2022 ж. – 4,8) құрады. Қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 5,1%-ға артқан 92,2-ні құрады (2022 ж. – 87,7). Туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 3%-ға артып,  28,2-ні құрады (2022 ж. – 27,4). Туберкулезбен болатын өлім-жітім көрсеткіші көрсеткіші 35%-ға артып 2,0-ді құрады (2022 ж. – 1,3). Қатерлі ісіктерден болатын аурушаңдық көрсеткіші 0,2%-ға өсіп 105,1-ні құрады (2022 ж – 104,9). Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіші 8,6%-ға төмендеп, 46,3-ті құрады (2022 ж – 50,7). Бүгінгі күнге облыста дәрігерлер тапшылығы 2022 жылғы 106-дан  есепті кезеңмен салыстырғанда 80 бірлікке (32 қала, 48 ауыл) төмендеді. Кадр тапшылығын жабу бойынша атқарылған шаралар: Жергілікті атқарушы органның грантымен С.Д.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінде жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін жалпы медицина мамандығы бойынша 42 білімгер оқиды. Осы университетте жергілікті бюджет есебінен, оқу бітіргеннен кейін Жамбыл облысының мемлекеттік медициналық ұйымдарында 5 (бес) жыл жұмыс істеу міндеттемесімен 2022 жылы 16 дәрігер жұмысқа келді,ағымдағы жылы 19 дәрігер жұмысқа келді. Республикалық бюджеттен өңірге 91 маман дайындалуда (2022 жылы 46 дәрігер, 2023 жылы 45 дәрігер). Бүгінгі күнге өңірге 101 жас маман (33 - қала, 68 - аудан) келді. Жас мамандарды тұрақтандыру мақсатында жергілікті бюджет есебінен 800,0 мың теңге көлемінде ақшалай көтерме ақыны 134 жас маман алды. Республикалық бюджет есебінен тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау 1500 АЕК аспайтын сомада бюджеттік кредитті 9 жас маман алды. Сонымен қатар республикалық бюджет есебінен 100 АЕК тең сомада көтерме жәрдемақыны 38 жас маман  алды. Аудандық әкімдік тарапынан 6 жас маман қызметтік пәтермен қамтамасыз етілді және 2 жас маманға бір жылға жалдамалы пәтердің қаражаты төленді. Комуналдық қызмет төлемдері 27 маманға төленді. Облыста 1,2 млн. халыққа 389 денсаулық сақтау нысаны қызмет көрсетуде (о.і: аурухана – 26, қалалық емхана – 6, орталық аудандық емхана – 10, ауылдық емхана – 5, дәрігерлік амбулатория – 122, ФАП – 53, МП – 157, санаторийлер – 1, оңалту орталығы – 3, ПМСП орталығы – 2, басқалар – 6). «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдар аралығында облыста 30 нысанның (2023 жыл 10 нысан, 2024 жылы 20 нысан) құрылысын жүргізу жоспарланған. Анықтама үшін: Байзақта -  6 нысан (3- ДА, 3-ФАП) Жамбылда – 4 нысан (1- ФАП, 3-МП) Жуалыда – 8 нысан (3- ФАП, 5 -МП) Қордайда – 2 нысан (1-ДА, 1- МП) Меркеде - 3 нысан (1-ДА, 1-ФАП, 1-МП) Сарысуда -1 ДА Т.Рысқұловта – 2 ФАП Таласта – 1 ДА енгізілген. Жалпы құны 3,1 млрд. теңгені құрайтын жобаға бюджеттік өтінім а.ж. ақпан айында ұсынылып (РБ 2,7 млрд. тг., ОБ 374,8 млн. тг.), 1,7 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба қолдау тапты. Нәтижесінде 10 нысанның құрылысы жыл соңына дейін аяқталады (а.ж. қарашасында 3 нысан, 7 нысан жыл соңына дейін тапсырылады). 2024 жылға жоспарланған 20 нысанның 8 жобасы министрлікпен мақұлданды (№09-1029 от 08.02.2023ж.шығыс хатымен), 3 жоба (Байзақ ауданы Қызылжұлдыз дәрігерлік амбулаториясы, Дихан фельдшерлік акушерлік пункті, Жамбыл ауданы Қостөбе медициналық пункті) денсаулық сақтау саласындағы  Ұлттық оператор «Турар Хелзке» («Turar Healthcare») мекемесіне (26.01.2023ж №02-163 шығыс хатымен) жобалауға ұсынылды. Қалған 9 нысан, типтік ЖСҚ-ға байланыстырылатын болады.