Аймақ

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар

Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, өз құзыреті шеңберінде облыста тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің, оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, газбен, ауыз сумен, электр және жылу энергиясымен жабдықтау саласын дамыту бағытында тиісті жұмыстарды атқарып келеді. Ағымдағы жылы Энергетика және тұрғын үй-коммнуалдық шаруашылық  саласы бойынша республикалық және жергілікті бюджет есебінен жалпы 146 жобаны іске асыруға 31,9 млрд. теңге қарастырылды. Анықтама: Тапсырыс беруші ретінде 5 жоба - 10,031 млрд. теңге. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде 141 жоба - 21,869 млрд. теңге. Салалар бөлінісінде атап айтсақ: 1) Ауыз сумен жабдықтау бойынша 13,6 млрд. теңгеге 54 жоба; 2) Газбен жабдықтау саласында 12,0 млрд. теңгеге 18,0 жоба; 3) Электрэнергетика саласы бойынша 0,3 млрд. теңге 6 жоба; 4) Жылу энергетика саласында 2,9 млрд. теңгеге 41 жоба; 5) ТҮКШ саласы бойынша 0,4 млрд. теңгеге 15 жоба; 6) Бизнестің жол картасы бойынша 2,7 млрд. теңгеге 12 жоба. Келесі жылға жалпы сомасы 78,9 млрд. теңгеге 175 жоба қаржыландыруға ұсынылды. Әр сала бойынша тоқталып кететін болсам, Ауыз сумен жабдықтау саласы; Ағымдағы жылдың 1 қарашадағы жағдайға сәйкес сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу көрсеткіші халық санымен: - қалаларда 93,6% (493,0 мың адам); - ауылдық 302 елді мекендерде 94,8% (652,1 мың адам) құрады. Ағымдағы жылы 54 жоба бойынша республикалық және жергілікті бюджеттен 13,6 млрд. теңге қаралды. Оған 36 елді мекен мен қалалардағы 5 тұрғын алқапты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған. Жылдың 10 айында 23 елді мекенде 16,5 мың  адам,  қалалардағы  3  тұрғын алқапта 6,3 мың адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Жылдың соңына дейін сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу көрсеткіші халық санымен: - қалаларда 97,5 % немесе 513,6 мың адам; - ауылдық елді мекендерде 96,5 % немесе 666,9 мың адамға (321 е.м.) жеткізілмек. Облыста сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 56 ауылдық   елді мекен (32,6 мың адам) және Тараз, Шу қалалары бойынша   15 тұрғын алқап қалып отыр (33,7 мың адам). Сондай-ақ, 2024 жылғы республикалық бюджетке жалпы құны    36,8 млрд. теңгеге 40 жоба қаржыландыруға ұсынылды. Алдын ала алынған мәліметке сәйкес 17,0 млрд. теңге қаржы қолдау тауып отыр. Бұдан бөлек, 3 елді мекеннің жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Аталған жобаларға сараптама қорытындылары ағымдағы жылдың соңына дейін алынып, 2024 жылға салалық министрлікке бюджеттік өтінім ұсынылатын болады. Газбен жабдықтау саласы; Жамбыл облысына табиғи газ «Бухара газнасосты аумақ - Ташкент, Бишкек, Алматы», «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырлары және «Амангелді газ» кенішінен тасымалданады. Анықтама: Облысты газбен қамту қызметімен «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» магистралдық газ құбырлары басқармасы және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ЖӨФ айналысады. Газ құбырының жалпы ұзындығы - 6 886 шқ, оның ішінде: жоғары қысымдысы - 1 291 шқ, орта қысымдысы - 2 113 шқ, төмен қысымдысы - 3 495 шқ. Жамбыл облысында 371 елді мекенде 1 257 955 адам тұрады. 2022 жылы 18 газдандыру нысанының құрылысына 11,2 млрд. теңге бөлініп, нәтижесінде 274 елді мекен (73,9%) немесе 1 099,2 мың адам (90,2%) табиғи газбен қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылы 11,8 млрд. теңгеге 36 елді мекенде газдандыру құрылысы бойынша 16 жоба іске асырылуда. (Жуалы ауд. - 1 е.м., Қордай ауд. - 6 е.м., Т.Рысқұлов ауд. - 1 е.м., Меркі ауд. - 2 е.м., Сарысу ауд. -15 е.м., Талас ауд. - 3 е.м., Шу ауд. - 8 е.м.). Жыл соңымен 11 елді мекен (9,0 мың адам) табиғи газға қосылып, облыстың газбен қамту деңгейі халық  санымен 91,1%-ға жететін болады. Анықтама: Бүгінгі күнге 11 елді мекенінің 4 елді мекені табиғи газбен қамтылды (Қошқарата, Шолақ-Қайында, Мыханды, Шағалалы). Қалған 7 елді мекен жыл соңына дейін  табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады. Облыстың газдандырылмаған қалған 61 елді мекенге қайта талдау жүргізілді, оның ішінде: - 26 елді мекен бойынша қазіргі таңда 4 жоба әзірленуде, құрылыс жұмыстарының құны шамамен 32,6 млрд. теңгені құрайды. - Жамбыл ауданы - 3 е.м. (Тоғызтарау, Құмсуат, Жаңаөткел); - Жуалы ауданы - 4 е.м. (Қарабастау, Әбдіқадір, Жылыбұлақ, Дарбаза); - Талас ауданы - 6 е.м. (Майтөбе, Қожағапар, Көктал, Қараой, Есейхан, Қасқабұлақ ); - Мойынқұм ауданы - 13 е.м. (Айдарлы, Бірлік, Биназар, Хантау, Назарбеков, Көкжелек, Күшаман, Жамбыл, Мойынқұм,Қылышбай, Құмөзек, Қарабөгет, Сарыөзек). - 9 елді мекенге аудан әкімдіктерімен келесі жылы ЖСҚ әзірленетін болады (жалпы құны - 12,6 млрд. тг, о/ішінде: Қордай ауд. - 1 е.м., Мойынқұм ауд. - 8 е.м.); - 26 елді мекенде халық саны аз болуына (200 адамнан төмен)                                            байланысты газдандыру кейінгі жылдарға жоспарланған (жалпы құны - 9,7 млрд. тг о/ішінде: Жамбыл ауд. - 1 е.м., Меркі ауд. - 3 е.м., Мойынқұм ауд. - 3 е.м., Сарысу ауд. -    6 е.м., Шу ауд. - 6 е.м., Т.Рысқұлов ауд. - 7 е.м.). Бүгінде, облыс бойынша Мойынқұм ауданы ғана толық газдандырылмай отыр (халық саны - 28 663). Ауданды газдандыру үшін кешендік іс-шаралар жоспары жасалған. Бұл ретте, бастапқыда 13 елді мекенді (халық - 23 334) газдандыру үшін ЖСҚ әзірленді. 1-кезекте 3 елді мекенді (Айдарлы, Бірлік, Биназар) газдандыру үшін ҚР Энергетика министрлігіне 2024 жылға республикалық бюджетке 18,5 млрд. теңгеге өтінім ұсынылып, құрылыс жұмыстарын бастауға   600,0 млн. теңге қаралып отыр. Қалған 2 кезең бойынша 8,0 млрд. теңгеге 6 елді мекенді газдандыру жоспарлануда. Осы жеткізуші газ құбырлары ауданның қалған елді мекендерін табиғи газбен қамту көзі болып табылады. Облыс көлемінде 7 газ толтыру станциялары орналасқан. Жалпы 31 газ желісі ұйымы бар, олармен 226 автогаз құю бекеттері арқылы сұйытылған мұнай газы сатылады. Облыста газ қондырғысы бар автокөліктердің саны 29 437 құрайды. Бүгінгі күнге, Тараз қаласында кейбір автогаз құю бекеттерінде сұйытылған мұнай газын «лимитпен» немесе талонмен сату байқалады. Ағымдағы жағдайда Жамбыл облысы бойынша 517 тонна (3-4 күндік қор) сұйытылған мұнай газы қалдығы бар. ҚР Энергетика министрлігімен Жамбыл облысы үшін 2023 жылдың қараша айына «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС - 5 218 тонна, желтоқсан айына - 5 466 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді. Бүгінгі таңда зауыттан облысқа 4 433,6 тонна сұйытылған мұнай газы жөнелтілді, осылайша зауыт бөлінген жалпы көлемнің 84,9% орындады. Қазіргі таңда, облысқа 15 вагон-цистернамен 540 тонна сұйытылған мұнай газы теміржол жүк көлігімен жөнелтуде. Электрэнергетика саласы; Облыста 23 нысан электр энергиясын өндірумен айналысады, олардың жалпы қуаты 1 741,3 МВт құрайды. Электр энергиясының тұтыну қуаты 374,3 МВт/сағ. құрайды, оның ішінде: тұрғындар - 152,5 МВт, басқа да тұтынушылар - 16,8 МВт,  өнеркәсіп кәсіпорындары - 205 МВт. Ағымдағы жылдың 10 айында 3 103,2 млн. кВт/сағ. электр энергиясы өндірілді, оның ішінде: * дәстүрлі энергия көздерінің үлесі 81% немесе 2 512,4 млн. кВт/сағ.; * ЖЭК көздерінің үлесі 19% немесе 590,7 млн. кВт/сағ. Анықтама: 2022 жылы облыста 4 840,3 млн.кВт/сағ. электр энергиясы өндірілсе,  2023 жылға 4 900,0 млн.кВт/сағ. электр энергиясын өндіру жоспарланған. Осы аралықта 2 873,4 млн. кВт/сағ. электр энергиясы тұтынылды. Жалпы, облыста электр желілерінің ұзындығы 15 560 шақырым құрайды, оның ішінде: * «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС теңгерімінде - 13,4 мың шақырым; * коммуналдық меншікте - 2,1 мың шақырым. Жамбыл облысында электр энергиясын тасымалдау қызметімен «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС  айналысады. Серікестік тарапынан биылғы жылы 9 414 шақырым электр желілері жөндеуден өтті. Сонымен қатар, бұл сала бойынша «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында жобалар қарқынды іске асырылып келеді. 2022 жылы 2,1 млрд. теңгеге 6 жоба іске асырылса, 2023 жылы   260,0 млн. теңгеге 7 жоба іске асырылып, пайдалануға берілді. Облыста жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша күн,  жел және су арқылы электр энергиясын салуға барлық жағдай   жасалған. Сондықтан осы бағытта біздің облыс көбірек инвестициялардың назарын аударуда. Қазіргі таңда өңірде жалпы қуаты 451,3 МВт құрайтын  21 жаңартылатын энергия көздері жұмыс істеуде. Оның ішінде, 6 су электр станциясы (24,4 МВт), 9 жел электр станциясы (175,6 МВт) және 6 күн электр станциясы (251,2 МВт) бар. Облыстың жаңартылатын энергия көздерін дамыту мақсатында  2030 жылға дейінгі болжам картасы әзірленді. Жоспарға сәйкес, жаңартылатын энергия көздерінің саны 32 нысанға жеткізіліп, қуаты  2,4 ГВт құрайтын болады. Анықтама: ҚР аумағында жалпы 2525 МВт қуаттылығымен 132 ЖЭК нысандары жұмыс істеуде. Республика деңгейінде облысымыз ЖЭК-нен 17% электр қуатын өндіруде. Сондай-ақ, облыстың ЖЭК нысандарын салуға қолайлы болуы байланысты алдыңғы жылдарда 3 ірі жобаны іске асыру көзделуде, олар: Мойынқұм ауданында «Total Eren» ЖШС тарапынан қуаты  1 ГВт құрайтын жел электр станциясы, Сарысу және Талас аудандарында Masdar (БАӘ) компаниясымен қуаты 500 МВт жел электр станциясы және China Power International Holding Limited компаниясы тарапынан қуаты 500 МВт жел электр станциясы жобаларын іске асыру көзделуде. Жылумен жабдықтау саласы; Облыс бойынша 9 жылу энергетика кешені және 593 автономды қазандық бар. Олармен 1 739 әлеуметтік нысандар мен 1 646 көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етеді. Анықтама: Жалпы белгіленген жылу өндіру қуаты - 1357,9 Гкал/сағ. құрайды, қолданыстағы қуаты - 572,9 Гкал/сағ., профицит - 785,0 Гкал/сағ. Жылыту маусымына дайындық іс-шараларына әртүрлі қаржыландыру көздерінен 8,804 млрд. теңге қаралып, жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілді (тарифтік смета - 7 592,3 млн. теңге, инвестициялық бағдарлама - 387,4 млн. теңге, РБ, ОБ, ЖБ бюджет есебінен - 825,3 млн. теңге). Отын-энергетика кешендерімен жылыту маусымында 1,250 млн. м3 газ көлемін тұтыну жоспарланған, резервтік мазут қоры - 15,0 мың тонна. Алдағы жылыту маусымына орай ҚР Энергетика министрлігі тарапынан облысқа 24 438 тонна әлеуметтік мазут бөлінді, оның ішінде Жаңатас қаласының қазандығына - 12 938 тонна. Бұл мазут отынын сатып алу үшін облыстық бюджеттен 1,6 млрд. теңге бөлінді. Бүгінге кестеге сәйкес жоспарланған мазут отыны жеткізілуде, соңғы 3 айда 5 250 тонна жеткізілді. Қазіргі таңда қоймада 63 тәулікке жеткілікті 3 661 тонна мазут бар, тәуліктік тұтыну шығыны - 58 тонна. Ағымдағы жылыту маусымына орай 215,9 мың тонна көмір тұтыну жоспарланған, оның ішінде: * әлеуметтік нысандардың автономды қазандықтарына жоспарланған үшін 66,2 мың тонна көмір жеткізіліп, 100% қамтылды; * тұрғындар үшін 149,7 мың тонна көмір жоспарланып, есептік кезеңге 121,8 мың тонна жеткізілді немесе 81,3% қамтылды. Облыста көмір сатумен 31 нарық субъектісі айналысады, бүгінгі таңда көмір тұйықтарында 18,2 мың тоннаға жуық көмір бар. Шұбаркөл, Қаражыра маркалы көмірлердің бағасы сортына қарай  16 - 19,5 мың теңгені құрап отыр, елді мекендерге дейінгі ара-қашықтығын ескерсек, жеткізу құны шамамен 20 - 23 мың теңгеге дейін барады. Бүгінгі күнге көмір вагондары тұрақты келуде. Көмір қоймаларында көмір тапшылығы жоқ. Облыс бойынша 350,7 шақырым жылу желілері бар, олардың жыл басындағы тозу деңгейінің көрсеткіші 56,7% құрады. Ағымдағы жылы 6,160 шақырым жылу желілері жөндеуден өтіп, тозу деңгейі 55,5 %-ға төмендеді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 57,8 шақырым жылу желілерін реконструкциялау бойынша жалпы құны 29,2 млрд. теңгені құрайтын   22 жоба әзірленді, оның ішінде: 1) Тараз қ. 11 жоба - 46 шақырым жылу желілері (25,3 млрд. тг); 2) Қаратау қ. 5 жоба - 4,1 шақырым жылу желілері (1,2 млрд. тг); 3) Жаңатас қ. 2 жоба - 1,4 шақырым жылу желілері (0,6 млрд. тг); 4) Шу қ. 4 жоба - 5,7 шақырым жылу желілері (2,1 млрд. тг). Оның ішінде, Тараз қаласындағы 2 ірі жобаны іске асыру көзделуде, олар М-1 және М-3 жылу магистралдары, жалпы құны - 11,9 млрд. теңге. Тиісінше, бұл жобалар 2024 жылға республикалық бюджеттің нақтылауына қаржыландыруға ұсынылды. Ағымдағы жылы жалпы сомасы 966,7 млн. теңгеге әлеуметтік нысандардың 25 қазандықтары табиғи газға ауыстырылды, оның ішінде 701,9 млн. теңгеге 13 жобаның құрылысы іске асырылып, 264,8 млн. теңгеге 12 блокты-модульді қазандық орнатылды. Облыс бойынша жылыту маусымы 2023 жылдың 12 қазанынан басталды. Қазіргі таңда отын-энергетика кешендері штаттық режимде жұмыс істеуде, жылу көздерінде температуралық кесте сақталған. Барлық кәсіпорындарда апаттық-диспетчерлік бөлімшелері тәулік бойы қызмет көрсетуде. Жалпы, ағымдағы жылыту маусымының өту барысы облыстық штабтың тұрақты бақылауында. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы; Облыс бойынша 4 қаладағы жалпы 1 774  көпқабатты тұрғын үй бар, оның 527-сі қанағаттанарлық жағдайда (29,7%), 561 үй жөндеуден өткен (38,6%), 686 үй жөндеуді қажет етеді (38,6%). 2011-2023 жылдары аралығында жалпы сомасы 17,0 млрд. теңгеге 561 тұрғын үй жөндеуден өтті, оның ішінде: * республикалық бюджеттен 11,8 млрд. теңгеге -  363 үй; * жергілікті бюджеттен 2,0 млрд. теңгеге - 67 үй; * қайтарым қаражат есебінен 3,2 млрд. теңгеге - 131 үй. Ағымдағы жылы қайтарым қаражат есебінен 220,3 млн. теңгеге Тараз қаласында 4 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілді. 2024 жылы Тараз, Жаңатас, Шу қалалары мен Т.Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылы бойынша барлығы 79 тұрғын үйді күрделі жөндеу үшін 5,9 млрд. теңгеге республикалық бюджетке өтінім ұсынылды. 2023 жылдың 1 қарашадағы жағдайға сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде 37 587 адам тұр, оның ішінде: * 2 960 жетім, қамқорлықсыз қалған балалар; * 8 409 көп балалы отбасылар; * 16 299 халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтар; * 9 912 мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері; * 7 жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Ағымдағы жылдың 10 айында 139 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның ішінде: 55 әлеуметтік осал топтағы азаматтар, 23 жетім балалар, 52 көпбалалы отбасылар, 9 бюджеттік мекеме қызметкерлері. Анықтама: 2022 жылы 426 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 31 отбасы ағымдағы жылы 295 млн. теңгеге несие рәсімдеп, баспаналы болды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы әлеуметтік аз қамтылған топтардың жалға алған тұрғын үйі үшін төлем тағайындауға республикалық бюджеттен 2,458 млрд. теңге және  облыстық бюджеттен 15,0 млн. теңге бөлініп, оператор «Отбасы банк»  АҚ-ң есепшотына аударылды. Биылғы жылы 1073 өтініш келіп түскен, оның 282-сі мақұлданып бүгінге 199 тұлғамен келісім-шарт жасалды. Қалған 38 өтініш білдіруші  өз еркімен бас тартқан, 545 өтініш мақұлданбаған, 208 өтініш  қарастырылу үстінде. Тұрғын үй қатынастары саласындағы соңғы өзгерістерге сәйкес, қазіргі таңда елді мекенге бірыңғай келбет беру үшін көппәтерлі тұрғын үйлердің шатыры мен қасбетін жергілікті бюджет есебінен қайтарымсыз қаражат бөлуге мүмкіндік берілді. Бұл бағытта ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 169,0 млн. теңге бөлініп, Шу қаласындағы 9 үйдің шатыры мен қасбеті жөндеуден өтті. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен 22,9 млн. теңгеге Шу қаласындағы ұзындығы 1,8 шақырым құрайтын 5 көшенің лоток жүйесі ауыстырылды. Жалпы, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан міндеттелген жұмыстар тиісті деңгейде атқарылып келеді. Салаға қатысты барлық жобалардың іске асырылуы тұрақты бақылауда.