Алматыдағы өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды
Алматыдағы өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды
Оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сонымен қатар, Алматы әкімдігінің өкілдері кірді. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде орын алған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері кірді. Сонымен қатар, комиссия төрағасы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына шұғыл аттанды. Айта кетейік, үкіметтік комиссия өрт салдарынан болған қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру жұмыстарына дереу кірісіп, зардап шеккендерге бірінші кезектегі көмек көрсетеді.