Брифинг
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасымен атқарылған жұмыстардың қорытындысы
- author Zhambylokq
- 30 қараша, 2023
- 37
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасымен атқарылған жұмыстардың қорытындысы
Ағымдағы жылдың 10 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 694,5 млрд. теңгені құрады (нақты көлем индексі 100,6%). Оның ішінде, тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі өнім 87,9 млрд. теңге (2022 ж. салыстырғанда 117,1%), өңдеу өнеркәсібі саласында өнім көлемі 493,9 млрд. теңгені құрады (нақты көлем индексі 98,9%). 2023 жылдың 1-ші қарашасына жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 109,3 мың бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,5%-ға өсті.
Ағымдағы жылы облыста орналасқан қаржы институттарымен несие сомасы 146,8 млрд.теңгені құрайтын барлығы 41,6 мың кәсіпкерге несие берілді.
«2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында 23,2 млрд.теңгені құрайтын 1049 жобаға қолдау көрсетілді.
Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында облысқа 52,1 млн. АҚШ доллары тартылды (2022 жылдың І жартыжылдығында 12,9 млн. АҚШ долл.). Жыл соңына дейін 130 млн. АҚШ долларына дейін тікелей шетелдік инвестициялар тарту көзделуде.
Жалпы, 2023 жылдың қаңтар-қазан айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 364,7 млрд. теңгені құрады (2022 жылғы сәйкес кезеңге 111,8%-ға артты). Оның ішінде жеке инвестиция 305,2 млрд. теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 130,1%-ға артты.
Жамбыл облысының сыртқы сауда айналымы 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 596,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,0%-ға артқан, оның ішінде экспорт – 30,6%-ға төмендеп, импорт – 23,4%-ға артқан.
Жеке кәсіпкерлікті қаржылай қолдау бағытында келесі мекемелер жұмыс істейді: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ.