Жаңалықтар

Бақытжан Базарбек “журналистерді қорғайтын, бірақ жұмыс істемейтін” бапты күшейтуге шақырды

Бақытжан Базарбек “журналистерді қорғайтын, бірақ жұмыс істемейтін” бапты күшейтуге шақырды

Бақытжан Базарбек Мемлекет боламыз десек, журналистердің құқығын қорғауымыз керек деп бастады сөзін. "Себебі бұл жерде демократияны құрып жатырмыз деген сөздеріміз бос болып қалмауы керек" деген депутат мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевке сұрақ қойды.

Бақытжар Базарбек өз сөзінде журналистердің телефондарын тартып алу, камераларын бұзып тастау жайттары кездесетінін айтты.

Аида Балаева журналистердің құқығын қорғауға дайын екенін айтты. Өйткені, “бұл – министрліктің құзыретіндегі мәселе” дейді ол.

Ал Жандос Өмірәлиев 158 бап бойынша 2015 жылдан бері енгізілгелі 21 қылмыстық іс қозғалғанын, соның ішінде, әрине, сот үкімдері, екі жақтың татуласуына байланысты қылмыстық істер қысқарған фактілер барын атап өтті.