Бас прокуратура Мұхтар Әблязовты неліктен экстрадициялай алмайтындарын түсіндірді
Бас прокуратура Мұхтар Әблязовты неліктен экстрадициялай алмайтындарын түсіндірді
Бас прокурордың орынбасары атап өткендей, Қазақстан материалдары мен өз материалдарына сүйене отырып, Франция прокуратурасы қылмыстық іс қозғап үлгерді.
Сондай-ақ жалпы отырыста депутаттар Қазақстан мен Франция арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялады. Бірақ бұл құжат қылмыскерлерді экстрадициялауға бағытталмаған.
Оның айтуынша, Қазақстан тек қашқын банкирді экстрадициялау туралы өтініштер жібере алады.
Қазақстанда сот Мұхтар Әблязовті қылмыстық қауымдастық құрып, БТА банкінің қаржысын жымқырды, келтірілген шығын 7,5 миллиард доллардан асады. Ол басқаратын тіркелмеген «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы республикада экстремистік ұйым деп танылды. Сонымен қатар, Әблязов 2004 жылы бизнес серіктесі Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін сырттай өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қазіргі уақытта экс-банкир Францияда. Жақында Францияның босқындар құқығы жөніндегі ұлттық соты (CNDA) Мұхтар Әблязовке саяси баспана беруден бас тартқаны белгілі болды.