«Air Astana» компаниясына 876 млн теңге айыппұл салынды
«Air Astana» компаниясына 876 млн теңге айыппұл салынды
Компанияға қатысты тексеруді бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен прокуратура жүргізген.
Нәтижесінде авиатасымалдаушы 876 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Компанияға ішкі рейстердің бағасын 2024 жылдың соңына дейін көтермеуге және 2023 жылдың 6 желтоқсанынан бастап жанармай алымын алып тастауға міндеттелді. Сонымен қатар, агенттік жанармай төлемін мүлдем алып тастау үшін заңға түзетулер енгізуді қолға ала бастады.