Жаңалықтар

Алматы облысында үш судья пара алды деген күдікке ілінді

Алматы облысында үш судья пара алды деген күдікке ілінді

Басқа жағдайда, Алматы облысы Талғар аудандық сотының судьясы айтарлықтай мөлшерде пара алды деп айыпталып отыр. Ол сот орындаушысы арқылы кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрін өзгерту туралы оң шешім шығарғаны үшін ақшалай сыйақы алған. Сондай-ақ, Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Ол кәсіпкерден миллиардтаған салық берешегі бар екі компанияны банкрот деп тану туралы заңсыз шешім шығарғаны үшін пара алды деп айыпталуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.