Жамбылда шекараны заңсыз кесіп өткен 30 шетелдік ұсталды
Жамбылда шекараны заңсыз кесіп өткен 30 шетелдік ұсталды
Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері заңсыз көші-қонның алдын алу бойынша жоспарға бағытталған жұмыстар жүргізіп жатыр. Мәселен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін шалғай шет елдерден келген 30 шетелдік азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығарылды. Олардың ішінде 16 Ауғанстан азаматы, 5 Непал азаматы, 4 Пәкістан азаматы, 3 Үндістан және 2 Шри-Ланка азаматы бар. Полиция қызметкерлері заңсыз еңбек мигранттарын анықтауға бағытталған іс-шаралар өткізуді жалғастырып жатыр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан аумағында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін Байзақ ауданында Өзбекстан Республикасының 8 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осыған қатысты іс материалы шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданды.