Денсаулық сақтау нысандарының тозуы төмендейді – Е.Қарашөкеев
Денсаулық сақтау нысандарының тозуы төмендейді – Е.Қарашөкеев
Қазіргі уақытта Жамбыл облысында 24 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде, оның 10-ы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында. Бүгінге 6 нысан пайдалануға берілді.
Оның айтуынша, жыл соңына дейін тағы 13 денсаулық сақтау нысанын пайдалануға беру жоспарлануда. 2024 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 20 медициналық-санитарлық нысанның құрылысы қолға алынбақ. Орта мерзімді перспективада Байзақ, Қордай, Жуалы аудандарында 3 ірі аудандық аурухананың құрылысын салу, сондай-ақ Меркі, Шу және Талас аудандарында 3 ауданаралық көпсалалы ауруханаларды қайта жаңғырту жоспарлануда. Нәтижесінде денсаулық сақтау нысандарының тозуы 40,3%-дан 38%-ға дейін төмендейді.