Жаңалықтар

Жамбылда жаңартылатын энергия көздері саласында 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Жамбылда жаңартылатын энергия көздері саласында 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Жаңартылатын энергия көздері Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Бұл салада көш бастап тұрған өңірлердің бірі Жамбыл облысы. Мұнда күн және жел энергиясын өндіретін қуаты 450-460 МВт құрайтын 21 нысан бар. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында жаңартылатын энергия көздері саласында атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Сондай-ақ, әкімнің айтуынша, жел қуатынан энергия алатын құралдарды шығаратын зауыт ашу көзделген және өндірілген жел энергиясын сақтау үшін қажетті құрылғыларды салу мәселесі пысықталуда.