Жаңалықтар

OLIMP KZ букмекерлік кеңсесінің ісі бойынша тағы бір күдікті Сербияда ұсталды

OLIMP KZ букмекерлік кеңсесінің ісі бойынша тағы бір күдікті Сербияда ұсталды

Бас прокуратураның хабарлауынша, 18 қарашада «OLIMP KZ» букмекерлік кеңсеcінің қызметімен байланысты қылмыстық топтың құрамында болған күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланған. Бүгін Бас прокуратура, қаржылық мониторинг агенттігі және ІІМ-нің интерпол қызметкерлері сыртқы істер министрлігінің көмегімен оның сыбайласын Сербия Республикасынан экстрадициялаған.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Айта кетейік, фигурантты экстрадициялау Қазақстан мен Сербия арасындағы «ұстап беру туралы» шарттың болуына байланысты мүмкін болған.