250.00 үлгідегі «Активтер мен міндеттемелер туралы декларация» тапсыру қағидалары
250.00 үлгідегі «Активтер мен міндеттемелер туралы декларация» тапсыру қағидалары
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 45-1-бабы негізінде Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылдың 1 қаңтарынан енгізілді. Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі мақсаты ? Көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін, Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкіне тиімді бақылау жүргізу үшін және мемлекеттік бюджетті жеке табыс салығы арқылы толықтыру болып табылады. Декларациялау – келешектің қамы. Декларация нысаны – «Активтер мен міндеттемелер туралы декларация» 250.00 нысан. 2024 жылы Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны кім тапсырады? 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап, декларацияны табыс ету жылының 1 қаңтарына болып табылатын, мынадай тұлғалар: Заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары; Дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету мерзімі ? Қағаз және электрондық түрде – 2023 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету тәсілдері? Электрондық түрде – «Салық төлеушінің кабинеті» Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) арқылы, сондай-ақ eSalyq аzamat және (egov mobile) мобильді қосымшалары арқылы. Қағаз түрінде – мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен не тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны қайда тапсыру қажет? Дара кәсіпкерлер мен жұбайлары және заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сонымен қатар олардың жұбайлары, декларацияны тұрғылықты жері бойынша тапсырады. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілетін мәліметтер ? Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда:
- Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі мүліктері:
- жылжымайтын мүлік, жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін, әуе және теңіз кемелерін,;
- көлік құралдарын, арнайы техника және тіркемелері;
- барлық банк салымдары және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақшасын;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін көрсетуге арналған.
- Қазақстан Республикасындағы және (немесе) одан тыс жерлердегі мүлік:
- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы келісім бойынша тұрғын үйдегі үлес;
- бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары
- зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқық;
- декларация ұсынылған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде көрсетілген қолма-қол ақша;
- міндеттемелердің немесе талаптардың туындауына негіз болып табылатын нотариат куәландырған (куәландырған) шарт немесе өзге де құжат болған кезде жеке тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек);
- Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн болған кезде, осы мүліктің бірлігі үшін баға (құн) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда жеке тұлғаның қалауы бойынша басқа мүлік көрсетілуі мүмкін. Бұл ереже мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікке, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікке қатысты қолданылмайды.